infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Тек жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер «Тұран қалқаны»!

25 ноября, 2022
in Мәдениет
0
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Парасатты полицей» байқауына биыл республика бойынша 17 команда қатысып, ең мықтылары І, ІІ, ІІІ орын мен 2 номинацияны бөлісіп алды. Соның ішінде көрермен көңілінен шығып, әділқазылардың жоғары бағасын иеленген «Тұран қалқаны» командасы «Тілі басқа – тілегі бір» номинациясын қанжығалады. Бүгін жарыстан жүлделі оралған «Тұран қалқаны» командасын Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қабылдап, арнайы құттықтады.

Сондай-ақ марапаттарын табыстап: «Сіздер, біз үшін әрдайым жеңімпазсыздар! Қиын да қауырт жұмыстарыңыздан бөлек, өнерден қалыс қалмай, үздіктер қатарынан табыла білдіңіздер. Ендеше өнерде де, қызмете де қырағы Сіздерге алғыс білдіремін!-деп атап өтті. Айта кетсек, байқау ҚР Полициясының 30 жылдығы, ішкі істер органдары қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында Ақмола облысының кербез Көкшетау қаласында өтті. Ал «Тұран қалқаны» командасынан қазақ, орыс, шешен ұлтының 5 өнерлі полицейі өнер көрсетті. Бірінші кезеңде ұлты өзге полицейлердің қазақ тілін жоғары деңгейде меңгергенін көрсетіп, қаражорға биін билеп, қайым айтыс арқылы әзіл-қалжыңды араластыра отырып, өздерін таныстырды.

Екінші кезеңде Қазығұрт ауданында болған өрт кезінде, үй ішінде қалып кеткен апаны құтқарған жетісайлық полицей Аян Хайруллаевтың шынайы оқиғасын сахналады. Өз кезегінде қойылым көрермендер көңілінен шығып, зор қошеметке ие болды. Сондықтан полицейлердің имиджін көтеріп қана қоймай, қызметкерлер арасында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттауға зор үлесін қосатын бұл байқаудың алар орны ерекше. Ендеше, тек жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер «Тұран қалқаны»!

Алдыңғы пост

Түркістанда жаңа нысандар пайдалануға берілді

Келесі жаңалық

Түркі дүниесінің астанасы – Түркістан шаһары

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі