infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТАҢҒАЖАЙЫП ЭТНОАУЫЛ БАР

19 декабря, 2022
in Uncategorized
0
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында этноауыл экспозияциясы бар. Бұл жоба өткен ғасырлардың тарихынан сыр шертетін Қ.А.Яссауи мұражай-мемориалдық кешенінің органикалық жалғасына айналды деуге болады. Себебі, мұнда келген жан қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары және мәдениетімен анағұрлым жақынырақ танысады.
Өткен замандарға өтіп кеткендей күй кештіретін этноауылдың сиқыры кіреберісінен басталады. Мұнда келген алғашқы қонақтарды ұлттық нақышта киінген шығыстың сұлулары мен батырлары күтіп алады. Сондай-ақ, күш сынасқан жас палуандар қазақ халқының сонау замандардан спортқа қаншалықты бейімді болғанын көрсетті. Ал, балалар жағы асық атып, тоғызқұмалақ ойнаса, абыз ақсақалдар салиқалы ойларымен бөлісіп өмірдің мәнін ұғындырып жатты.
Сондай-ақ, шара барысында еліміздің түкпір-түкпірінен арнайы шақыртылған қолөнер шеберлері дайындаған ұлттық киімдер мен бұйымдардың таңғажайып түрін көрсетті. Олар қазақ әйелдері мен қыздарының киімдері әр аймақта несімен ерекшеленетінін түсіндірді. Одан бөлек, осы көшенің бойында бидің төрелік етуімен қос тараптың арасында туындаған дау да шешіліп жатты.
Ары қарай жүре түссеңіз, ортағасырлық сауда-саттың көшесіне өтесіз. Мұнда шеберлер сізге қышпен, ағаш және металмен тұрмыстық бұйымдарды қалай жасау керектігін, сондай-ақ ежелгі тоқыма станогында кілем тоқуды, былғары өндіруді үйретеді. Этноауылға келген әрбір жан шебердің жасаған бұйымдарын өз қолдарымен істеп көруіне болады.

Сонымен қатар, базарда бүгінге дейін жеткен және ұмытыла бастаған көшпенді халықтың ұлттық сусындар дайындалып, қонақтарға тарту етіледі. Және ерте ортағасырлардағы кейіпкерлер қарттарға, әйелдерге және жас аналарға күш беру үшін берілетін тағамдардың дайындалу рецептін және оның адам денсаулығына пайдасын түсіндірді. Бұдан басқа, қонақтарға қой союды, жаңа сойылған қойдың еті мен ішегінен жасалатын жөргем, жаужүрек деген тағамдардың дайындалу жолы мен мән-мағынасы айтылды. Сондай-ақ, келушілерге таба нанның түрлері мен табиғи өнімдерді қоспа ретінде пайдаланылған дәмі тіл үйіретін құрттар да ұсынылды.
Ұлттық тағамдардан дәм татқан қонақтар ары қарай этноауылдың төрінде ерекше безендірілген Ханның киіз үйіне де барды. Сол маңынан жаттығып жүрген садақшылар мен батырларды, бүркіттер мен тазыларды тамашалады.
Сондай-ақ, бұл этноауылдан қазақ халқының ежелден келе жатқан отбасылық іс-шаралардың түп нұсқасын да көруге болады.

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАНДА ЖАЛҒЫЗБАСТЫ ӘЖЕЙГЕ БАСПАНА ТАБЫСТАЛДЫ

Келесі жаңалық

БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Март 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
« Фев    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі