infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

2023 жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау, масс-медиа және акваөсіру бөлігінде жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда 

24 ноября, 2022
in Әлеумет
0
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бірыңғай ұйым құру қандай проблемаларды шешеді
0
SHARES
31
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2023 жылға арналған жоспарының жобасы қаралды. Осы мәселе бойынша Қазақстанның әділет министрі Қанат Мусин баяндама жасады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.   2023 жылға арналған жоспар жобасында 34 заң жобасын әзірлеу көзделген, оның ішінде бірінші жартыжылдықта Парламентке — 15 заң жобасын және екінші жартыжылдықта — 19 заң жобасын енгізу қажет. Жалпы, Жоспар жобасы Президент пен мемлекеттің стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттер негізінде қалыптастырылды», — деді Қ. Мусин.   Мәселен, Қала құрылысы кодексі және Бюджет кодексі, жер қойнауын пайдалану, мемлекеттік жекешелік әріптестік, көші-қон, мемлекеттік сатып алу, салық салу, сондай-ақ әкімшілік әділет, қылмыстық қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаларды жетілдіру бойынша заң жобаларын әзірлеу Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарынан туындайды.   Бұдан басқа, Су кодексін, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау, масс-медиа және акваөсіру бөлігінде жаңа редакциядағы заң жобаларын әзірлеу жоспарлануда.   Жоспар жобасы барлық мүдделі мемлекеттік органдармен мақұлданды.   Әділет министрлігінің басшысы «Құқықтық актілер туралы» Заңға сәйкес Жоспардың жобасы Мемлекет басшысымен келісуге жататынын атап өтті. Жоспар жобасын Президент Әкімшілігіне жіберу қажет.   Бюрократиядан арылту жөніндегі Жарлықтың 13-тармағын және Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 11 қазандағы тапсырмасын іске асыру аясында Әділет министрлігі заңдарда артық (шамадан тыс) заңнамалық нормаларды регламенттемей алып тастау бойынша тәсілдер әзірленді. Осы тәсілге сәйкес заңдарда мемлекеттік басқару органдарының негізгі мақсаттарын, міндеттерін, реттеу қағидаттарын және базалық өкілеттіктерін ғана белгілейтін нормалар, ал заңға тәуелді актілерде оларды одан әрі регламенттеу бекітілетін болады», — деді ол.   Әділет министрінің айтуынша, осыған байланысты 2023 жылға арналған жоспардың жобасында көзделген заң жобаларын әзірлеу кезінде мемлекеттік органдар осы тәсілдерді басшылыққа алып, нормалар заң деңгейінде детализациялауға жол бермеуі тиіс.   Баяндамашыны тыңдап, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов заң жобалау жұмыстары жоспарының жобасын мақұлдауды және жобаны Мемлекет басшысына бекітуге жіберуді ұсынды.

Читать: https://www.kt.kz/kaz/state/2023_zhyly_t_tynushylardy_y_taryn_or_au_mass-media_1377942864.html

Алдыңғы пост

Сауатты тұтынушы болыңыз!

Келесі жаңалық

Тауарды өткізіп, ақшаны қалай қайтарып алуға болады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі