infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АРНАЙЫ САЙТ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

АРНАЙЫ САЙТ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
АРНАЙЫ САЙТ АРҚЫЛЫ ҰЛТТЫҚ ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ОНЛАЙН ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкентте Ұлттық халық санағының 1-кезеңінде санақ жүргізушілер тұрғын үйлер мен онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елдімекенді аралап, аудандастыруға дайындықты қарқынды жүргізді. Миллион тұрғыны бар үшінші мегаполистің нақты халық саны туралы мәлімет ұлттық санақтың 2-кезеңінен соң мәлім болады. Ол 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін созылады.
ҚР халқының ұлттық санағын өткізуге дайындық барысы бүгін қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтің төрағалығымен өткен комиссия отырысында пысықталды. Басқосуда аудан әкімдері мен басқарма басшыларына дайындықты күшейтіп, санақ жұмыстарына кедергі келтіретін мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
— Ұлттық санаққа үлкен жауапкершілік және патриоттық рухпен қарауымыз қажет. Өйткені, он жылда бір рет өткізілетін бұл шара әр отандасымыз үшін тарихи сәт. Оның маңыздылығын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстары арқылы тұрғындарды белсенділік танытуға шақырамыз. Түптеп келгенде қаланың қаржыландырылуы мен алдағы даму бағыты да осы санақтың қорытындысына байланысты, -деді қала әкімінің орынбасары Е.Білісбеков.
Сондай-ақ, комиссия отырысында картографиялық материалды өзектендіру қажеттілігі айтылды. Жиын Төрағасы құзырлы басқарма басшыларына көтерілген мәселелерді кешіктірмей ретке келтіруді тапсырды.
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері үшінші рет өткізілгелі отырған халық санағы биыл екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі үйлерді аралау арқылы. Тұрғындар 1 қыркүйек – 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-санақтан өте алады. Интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді.
1-30 қазан аралығында санақ персоналдары үй-үйді аралайтын болады. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі. Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, санақ жұмыстарына шаһарда 1490 санақ персоналын, яғни 186 нұсқаушы-бақылаушы және 1304 интервьюерді жұмылдыру жоспарланған.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санақ жүргізетіндер тек вакцина ектіргендерден жасақталады. Санақ жұмыстарын жүйелейтін штаб ғимараттарына «Ашық» қосымшасы орнатылады.
Алдыңғы пост

СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі