infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов қаладағы Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысына байланысты баспасөз брифингін өткізді.
Басқарма басшысы Рысқұлов көшесінің жолайрық құрылысына байланысты көліктер қозғалысы үшін шектелетінінен хабардар етті.
Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысында жолайрық салу жұмыстары жүргізілуде.
Басқарма басшысының айтуынша, жобаға сәйкес, Рысқұлов көшесінде Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін жолдың ені кеңейіп, жол жамылғысын жаңарту жұмыстары қарастырылған. Қонаев даңғылын көліктер қозғалысы үшін 2021 жылдың 15 қыркүйегіне ашу жоспарланған.
Жолайрықтың көпір өткелін, (көпір балкаларын орнату) жол жамылғысын салу жұмыстарын жалғастыру үшін Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін толығымен шектеу қажеттігі туындап отыр.
Нысанды айналып өту үшін көліктер қозғалысы уақытша Байтұрсынов, Байырқұм, Жандосов Дәулетұлы, Тұяқбаев, Береке, Жәнібеков, Дулати, Байзақұлы, Арғынбеков, Қазиев көшелерімен ұйымдастырылатын болады.
Дулати көшесінің Рысқұлов көшесінен Бәйдібек би даңғылы аралығы көліктер қозғалысы үшін екі бағытта ұйымдастырылады.
Байтұрсынов көшесімен көліктер қоғалысы Рысқұлов көшесінен Арғынбеков көшесіне дейін бір бағытта ұйымдастырылады, тек қоғамдық көліктер екі бағытта қозғалатын болады.
Осыған байланысты Шымкент қаласы Әкімшілік полиция басқармасымен келісілген сызбаға сәйкес, Рысқұлов көшесін Байтұрсынов көшесінен Дулати көшесіне дейін көлік қозғалысы үшін шектеу 2021 жылдың 30 шілдесі сағат 23:00-ден 2021 жылдың 15 қыркүйекке дейін шектелетінін хабарлаймыз.
Жоспарлаған бағыттарыңызды алдын-ала түзетулеріңізді сұраймыз.
Қала тұрғындарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз.
Рысқұлов – Қонаев көшелерінің жабылуы себебінен жалпы саны 14 автобус маршруты өзгертілуге жоспарланған.
Атап айтқанда: Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков – Рысқұлов бағытымен №19,№72,№158,№93.
Бәйдібек би – Дулати – Мәделі Қожа (кері жүргенде Байтұрсынов – Мәделі Қожа – Дулати – Қазыбек би – Рысқұлов – Бәйдібек би) бағытымен №45,№17,№135.
Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №35.
Бәйдібек би – Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №10,№27,№56.
Бәйдібек би – Арғынбеков – Өтегенов бағытымен №57.
Рысқұлов – Бәйдібек би – Арғынбеков бағытымен №37 және Арғынбеков – Байтұрсынов бағытымен №21 бағыттар.
Алдыңғы пост

ҚАЛА ӘКІМІ ШАХМАТ БӘСЕКЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Келесі жаңалық

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БОЙЫНША 10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі