infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БОЙЫНША 10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БОЙЫНША 10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ

29 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БОЙЫНША 10 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІМІ МАҚҰЛДАНДЫ
0
SHARES
37
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Тұрғын үй сертификаты бойынша 10 азаматтың өтінімі мақұлданды. Бұл туралы Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев қала әкімдігінің Instagram парақшасында өткен тікелей эфирде мәлімдеді.
Басқарма басшысының міндетін атқарушы тікелей эфирде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелік бағытта тұрғын үй алуды көздеген азаматтарға мемлекеттік қолдаудың қайтарымсыз негіздегі тұрғын үй сертификатын беру басталғандығын баяндады. Сондай-ақ тұрғын үй мәселесіне қатысты азаматтар тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауап берді.
— «Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына ағымдағы жылдың 26 шілдесінен бастап онлайн интернет портал арқылы бүгінгі күнге дейін 286 азамат өтінім жіберген. Оның ішінде 51 азамат өз өтінімін қайтарып алса, 152-і тұрғын үй сертификатын алудың талаптарына сәйкес келмегендіктен бас тартылған. Сондай ақ 10 азаматтың өтінімі тұрғын үй сертификатының жалпы талаптары мен шарттарына сәйкес келуіне байлансты мақұлданды», -деді А.Балықбаев. Сонымен бірге несиелік бағыттағы бағдарламаларға да тоқталды. Бұдан бөлек тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалдамалы пәтер белгіленген тәртіппен кезек ретімен берілетіндігін жеткізді. Сондай ақ тұрғын үй кезегінің жылжуы толығымен автоматтандырылғандығын оған ешқандай адами фактор әсер ете алмайтындығын атап өтті.
Айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша арендалық пәтермен ағымдағы жылдың бүгінгі күнге дейін 608 азамат тұрғын үймен қамтылды. Оның ішінде 300 жалдамалы баспана жұмыс істеп жүрген жастарға, 18 пәтер жетім балаларға, 148 пәтер көпбалалы отбасыларға, 142 пәтер халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына қолданысқа берілген болатын. Қазіргі таңда 74 пәтер бойынша тұрғын үй комиссиясының шешімі қабылданып, тиісті құжаттары дайындалуда.
Сонымен қатар аталған пәтерлер тұрғын үй кезегіндегі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелері және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тамыз айында қолданысқа берілмек. Бұдан бөлек 294 пәтер тұрғын үйлердің құрылысы аяқталуына қарай үлестірілетін болады.
Алдыңғы пост

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІНДЕ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

Келесі жаңалық

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі