infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМСИТИ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАЗА СУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

ШЫМСИТИ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАЗА СУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМСИТИ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТАЗА СУ БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Шымкенттегі Шымсити тұрғындарына таза су берілді. «Лайқа су ішіп отырмыз» деп наразыланғын білдірген жұртшылыққа тіршілік нәрі енді жаңа су құбырынан ажыратылып отыр. Жергілікті билік өкілдері бүгін шағынауданға барып, халықтың шағымын тыңдады.

Шымситиліктер жаңа баспаналарға қоныстанғандарына 3 жыл болса да сапалы ауыз суға жарымай келді. Жұртшылық осыған дейін уақытша су құбырынан тіршілік нәрін ажыратып келген. Судың трассасы ауыстырылып қазір тұрғындарға  таза су беріле бастады. Әкімдіктегілер жергілікті халықты сапалы, үздіксіз ауызсумен қамту жұмыстары бір ай бойына жалғасатынын айтады.

Сондай-ақ шағынаудан тұрғындары үшін қала орталығына қатынау да қиынға түсіп отыр. Тиісті басқарма өкілдері қосымша автобустарды бағытқа қосып, бұл мәселені де реттейміз  деп уәде етті.

Тағы бір айта кетерлігі, қолданысқа берілгеніне небәрі 3 жыл болған жаңа үйлердің сапасы әлден-ақ сыр бере бастаған. Қабырғалар қақ айырылып, есік-терезеден жел уілдейді дейді тұрғындар. Көпшілік көптен бері көкейлерінде жүрген бұл мәселені де іркіп қалмады.Шымситиліктердің шағымына құлақ түруге келген құрылыс басқармасының өкілдері мердігерлерді олқылықтарды орнына келтіруге міндеттейміз дейді.

Бұл ретте мердігерлер де осында келді. Тұрғындар оларға құрылыс кезінде кеткен кемшіліктерді  тізіп берді. Осыған дейін де олқылықтарды орнына келтіргенбіз деген құрылысшылар 5 жыл мерзім ішінде ішінде барлық ақауларды реттейміз дейді.

38 көпқабатты тұрғын үйі бар шағынаудан мәселесі аз емес. Шенеуніктер шымситиліктердің тала-тілектерін жіті тыңдады. Енді тұрғындар шағымына байланысты арнайы комиссия құрылатын болды. Жұмысшы топ 2 мыңға жуық тұрғыны бар Шымсити шағынауданындағы барлық түйіткілдерді анықтап,  шешімін шығарады.

Алдыңғы пост

ХАЛЫҚ САНАҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТАССАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі