infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАДАҒЫ ЭПИДАХУАЛ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАДЫ
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-Министрі А.Маминнің төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында өңірлердегі санитарлық-эпедемиологиялық жағдай талқыланды.

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы ахуалды баяндады. Ол дельта штамм пайдалы болғалы бері Шымкент қаласында эпидахуал күрделене түскенін айтты. Шілде айында коронавирус жұғу 7,5 есеге артқан. Маусым айында 1489 жағдай тіркелсе, шілдеде 11 085 адамның ковид жұқтырғаны анықталған.

Жыл басынан бері коронавирус жұқтырған 19 528 науқас тіркелді. Емделіп шыққан науқастардың саны –11 848, 405 науқас қайтыс болды. Қазіргі таңда 7275 науқас емделіп жатыр, оның ішінде 4 916 науқас үй жағдайында амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Стационарда 2 359 науқас ем қабылдауда. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар – 575.

– Бүгінгі таңда қаладағы жұмыстар B сценарийімен жүріп жатыр. 3 190 төсек-орын жасақталды, онда 2 359 азамат стационарлық емделуде. Төсек-орын толымдылығы 74% құрайды, 831 төсек орын бос. Апта соңына дейін кезекпен қосымша 980 орын ашып, төсек орын санын 4 170-ке жеткізіп, С-сценарийне көшеміз. Жансақтау бөлімінде 487 төсек орын бар, онда 381 азамат ем қабылдауда. Толымдылық – 78 пайыз. Жалпы, үш сценарийге де дайынбыз. Соңғы 4 күнде жедел медициналық шақырулар шақырулар саны 2 594-тен 2 453–ке төмендеді, – деді қала әкімі.

Қалада 45 екпе нысаны бар. 1-ші компонентпен 371 543 адам, 2 – ші компонентпен-278 988 адам егілді. Бүгінгі күні тиісті контингенттің (536 000 адам) 1 компоненті 68%, 2 компоненті 51% вакцинацияланды.

Бастапқы медициналық көмек көрсету мақсатында 36 емханада 205 мобильді бригада жасақталған. Олар үй жағдайында ем қабылдап жатқан 4 916 науқаспен коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 11 658 адамға медициналық қызмет көрсетуде.

Қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар. Дәріханаларды қосып есептегенде дене қызуын төмендететін дәрілер 1 млн. 261 мың науқасқа, вирусқа қарсы препараттар 217 675 науқасқа, антибиотиктер 313 800 науқасқа, антикоагулянттар 13 383 науқасқа, гормоналды препараттар 53 192 науқасты емдеп шығуға жетеді.

Мониторингтік топтар 20 885 объектіде рейдтік іс-шаралар жүргізді, нәтижесінде 2 046 хаттама толтырылды және 130 млн.теңге айыппұл салынды. Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс жасауда.
Қаладағы 4748 бизнес субьектісі «Ashyq» жобасына қосылды, оған келушілердің статусын анықтау барысында 139 қызыл және 229 сары мәртебелі азаматтар анықталған.

Инфекцияны жеңудің жалғыз жолы – вакцинация екенін айтқан Премьер-Министр өңірлердегі вакцинация жұмыстарын жүйелі жүргізуді, карантин талаптарының сақталуын қатаң бақылауды тапсырды.

Алдыңғы пост

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР-МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

Келесі жаңалық

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУДА ҚОҒАМ ТҮСІНІГІН КЕҢЕЙТЕТІН ЖҰМЫСТАР АТҚАРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі