infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ КОРОНАВИРУСТАН БАРЫНША ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРДЫ

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ КОРОНАВИРУСТАН БАРЫНША ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРДЫ

29 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫ КОРОНАВИРУСТАН БАРЫНША ҚОРҒАУҒА ШАҚЫРДЫ
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 445 жағдай (393 симптоммен, 52 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 198 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 247 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 6682 адам вакцина алды
(I компонент-1774, II компонент-4908). Егу науқаны басталғалы барлығы 360 220 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 256 760 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Г.Құрманбекова қаладағы эпид жағдайдың күрделенуіне байланысты 103-тегі шақыртулардың күрт көбейгендігін алға тартады.

– Өткен тәуліктің өзінде 2600 шақырту қоңыраулары түсті. Соның ішінде 400-і – пневмония ауруымен ауырған науқастар. Ал нәтижелердің көбісі – өкпесін 70-90 пайызға қабындырып алғандар. Ауыр халдегі науқастардың тыныс жетпей қиналғанын көру жүрегімізді ауыртады. Бұл жерде сын айту емес, шын айту керек. Тығылып тойға барамыз. Тойхананың артқы есігінен кіреміз. Кімге керек біздің жанымыз? Бұл əрекеттермен кімді алдаймыз?!. Өз денсаулығымызды ойлау арқылы өзгелердің алдындағы жауапкершілігімізді сезінуіміз керек. Ковид өршіп тұрған тұста бірігіп, жұмыла күресейік. Бұл ауруды жеңу жалғыз медицина қызметкерлерінің қолында емес. Сіз бен біз бұл ауруды бірігіп жеңуге, денсаулықтарыңызды сақтауға шақырамыз, – деді Гүлнәр Мамытқызы.

Сонымен қатар, білікті дәрігер Т.Варзилов коронавирус және пневмония ауруларына шалдыққан әйелдердің асқынулары мен емдеу кезіндегі қиындықтарын айтты. Оның сөзінше, инфекция іштегі шаранаға кері әсер етіп, баланың өміріне қауіп төндіруде. Коронавирустан қорғау арқылы бала мен ана өмірін аман алып қалу тікелей жақындарына байланысты екендігін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.

Алдыңғы пост

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕРГЕ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ – БАСТЫ ТАЛАП

Келесі жаңалық

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛЕЛІ КЕҢЕС ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі