infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

ШЫМКЕНТТЕ «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА

4 августа, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ «ASHYQ» ЖОБАСЫНА ҚОСЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН КӘСІПКЕРЛЕР ҚАТАРЫ АРТУДА
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі бизнес нысандарында үй карантинін бұзған 368 азамат «Ashyq» қосымшасы арқылы анықталды. Оның ішінде 139-ы «Қызыл», қалғаны сары» мәртебесімен тіркелген. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлер палатасы өкілдері мәлімдеді.

Салаға жауаптылар қазір «Ashyq» жобасына қосылғысы келетін кәсіпкерлердің көбейіп отырғанын айтады. Шымкентте бүгінге дейін кәсіпкерлік нысандардан «Ashyq» қосымшасына тіркелу үшін 6 102 өтінім келіп түскен. Барлығына да QR код беріліпті. Онымен қоса  жеке меншік клиникалар, әуежай, вокзал сияқты әлеуметтік маңызы бар 1 мыңнан аса нысан жобаға ерікті қатысушы ретінде тіркелген. Кәсіпкерлер палатасы басшыларының сөзіне қарағанда қазір санитарлық талаптардың сақтаулын қамтамасыз ететін  жүйеге қосылу бұрынғыдан қиын емес. Осыған дейін қосымшаға тіркелу 2 апта уақытта алған болса, қазір бұл шаруаны айналасы жарты сағаттың ішінде тас-түйін тындыруға болады дейді жауаптылар.

«Ashyq» қосымшасының өз талаптары бар. Жүйе орнатылғандықтан, ол пайдаға асуы тиіс. Яғни, қосымша халық арасында қауіпті инфекцияның жайылып кетпеуін алдын алу қажет. Нысандарға кірген әрбір келуші жүйеге тіркеліп, өз мәртебесін анықтауға міндетті. Мұны нысан иесі, бірінші басшы жіті бақылауы қажет. Жүйені жіті қадағалайтын 21 нысан қожайыны қала бойынша «Ashyq» қосымшасының көшбасшысы танылып отыр.

Қаладағы базарларға да «Ashyq» қосымшасы орнатылған. Сауда орталығына келгендер QR код-қа тіркеліп, өз мәртебелерін анықтауда. Базар қожайындары бұл жүйе бізге карантин кезінде алаңсыз жұмыс істеуге мүмкіндік береді дейді.

Айта кетейік, шаһардағы бизнес нысандарында орнатылған қосымшалар арқылы «қызыл», «сары» статуспен тіркелгендерге осыған дейін 1 жарым млн теңгеден астам айыппұл салыныпты. Қазір санитарлық талаптарға қырын қарап, «Ashyq» қосымшасын құнттамаған 54 кәсіпкерлік нысан анықталып отыр. Олардың QR коды 2 аптаға уақытша деактивация жасалды дейді палата өкілдері. Ал жүйе белсенді қолданылған 21 кәсіпкерлік нысаны қосымша 2 сағатқа ұзақ жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖОСПАРЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ ЖЫЛДА 4 МЛН-ҒА ЖУЫҚ КӨШЕТ ӨСІРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі