infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕДИАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 10 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Дау мұраты – бітім» атты эссе конкурсының жеңімпаздары мен медиаторлар марапатталды.

Қалалық соттың бастамасымен ұйымдастырылған шараға Шымкент қалалық сотының алқа төрағасы М.Парменов пен Абай аудандық сотының судьясы Л.Ауелбекова, Шымкент қаласының «Adilet Group» заң консультанттары палатасы аппаратының басшысы Д.Байсерікова, қалалық адвокаттар алқасының төрағасы С.Баймұратов, медиаторлар мен студенттер және жоғары сынып оқушылары қатысты.

Үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде жарияланған эссе байқауына қатысуға ниет білдірген оқушылар мен студенттерден жалпы 40 шақты жұмыс түскен. Қазылар алқасына судьялар, адвокаттар мен медиаторлар енді. Олар медиацияның қоғамдағы орны, тиімділігі мен дамытудың тетіктері туралы еркін форматта жазылған эсселердің арасынан ең мазмұны айшықтылары мен үздіктерін іріктеді.

Қазылар алқасының шешімімен, «Ең үздік» номинациясымен «№4 балалар үйінің» тәрбиеленушілері Александра Пустовойтова және Карина Ли, ал «Үздік» номинациясымен Бақытжан Әбдіжаппаров пен Ержан Алмахан марапатталды. Жансұлу Мырзабек, Арсен Байметдиев және Ақнұр Уалиқызы арнайы «Мадақтамаға» ие болды.

Сонымен қатар, Медиация күніне орай кәсіби медиаторлар Лаура Ақшегірова, Елмира Есімбетова, Дана Кенжеқұлова, Нұрбала Оразқұлова және Жастар мәслихатының депутаты Жасмин Ашимова «Алғыс хаттармен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Мадақтамамен» Динара Байсерікова марапатталды.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОТА АЛҒАШ РЕТ ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЖАСАЛДЫ

Келесі жаңалық

«САМҒАУ СЕНІМ» ОРТАЛЫҒЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚҚА ҰШЫРАҒАН 300-ДЕН АСТАМ ЖАНҒА ПАНА БОЛДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі