infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ 50 ПАЙЫЗ ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЛА

ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ 50 ПАЙЫЗ ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЛА

3 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ ЕЛІМІЗДЕГІ 50 ПАЙЫЗ ВАКЦИНАЦИЯЛАНҒАН АЛҒАШҚЫ ҚАЛА
0
SHARES
24
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында пандемияға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында ковидке қарсы іс-қимылдың нәтижелері мен вакциналау мәселелері талқыланды.

Шымкент қаласы эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» өтті. Үш күн бойына қалада ковид инфекциясын жұқтырған азаматтардың саны 100-ден жоғары болып отыр. Осыны негізге алған қала әкімі Мұрат Әйтенов карантиндік шектеулердің орындалуын қатаң бақылауды тапсырды. Сонымен қатар, екпе салдыру мәселесінде тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сала мамандарына міндеттеді.

Қазіргі таңда қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А. Бекбауова коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 50 пайыздан асқанын мәлім етті.

«Қалада 536000 адам инфекцияға қарсы екпе салдыру қажет болса,

бүгінгі таңда бірінші компонентпен 267 595 адам егілді. Бұл вакцинация жоспарының 50% құрайды. Осы көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы Қазақстанның басқа өңірлерінің көшбасшысы болып табылады»,-деді А.Бекбауова.

Вакцина салу бойынша Шымкент «жасыл аймақта». 1 шілдеге 3500 адамға екпе егу жоспарланып, нәтижесінде 4373 адамға вакцина  салынған.

Бүгінде қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы іске енгізілді. ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілері саны – 676. Берілген өтініштер – 1182. Бүгінге дейін 139  «сары», 56  «қызыл» статус анықталған.

Сондай-ақ, жиында мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, тиісті салаларда жұмысқа рұқсат беруді шектеу бойынша жауапты мемлекеттік органдар тарапынан бақылауды күшейту, халықты вакцинациялаумен неғұрлым кеңінен қамту үшін мотивациялық факторды күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Алдыңғы пост

ҚАРАТАУ АУДАНЫ АЙМАҒЫНДА КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ БОЙЫНША МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Келесі жаңалық

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ШЕКТЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі