infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 178 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 178 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ ИНВЕСТОРЛАР ЕСЕБІНЕН 178 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Шымкентте жеке салушылар есебінен 8 639 пәтерлі 178, бюджет есебінен 5 912 пәтерлі 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Бұл ретте бүгінде Шымкент сити шағын ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, шағын аудандағы 4-орамда кеңсе орын-жайлары мен жерасты паркингі бар, тоғыз қабатты 3 тұрғын үйден тұратын «Shymkent Green City» тұрғын үй кешені салынып жатыр. Тапсырыс беруші “Shymkent” ӘКК” АҚ. Серіктес мекеме — «Элит Строй и Company» ЖШС-ы. Үйлердің жалпы ауданы 29 765 шаршы метр. 1,2,3,4 бөлмелі пәтерлер бар. Аумағы 39-116 шаршы метр аралығында болмақ. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, кредиттік 364 пәтер кілті пайдалануға берілмек.

Сондай-ақ Шымкент сити шағынауданында «Дамдес отау» тұрғын үй кешені бой көтеруде. Мұнда он қабатты №1,6,7,8,9,10 тұрғын үй салынуда. Үйлерге тапсырыс беруші – “Shymkent” ӘКК”. 1,2,3 бөлмелі 420 пәтер бар. Ауданы 49-84 шаршы метр аралығында. Жалпы 29 622 шаршы метрді құрайтын 6 тұрғын үй жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.Бүгінде қалада жалпы саны 44 850 азамат тұрғын үй алу тізімінде кезекте тұр.

Шымкентте құрылыс саласында негізгі басымдық көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына беріліп отыр. Құрылыс «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында атқарылып жатыр. Онда биыл 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы жүргізіледі (49 үй кредиттік, 12 үй арендалық). Қалған 32 үйдің құрылысы 2022 жылға өтпелі. Ал Әкімшілік-іскерлік орталығында 6 арендалық үйдің (336 пәтер) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл толық пайдалануға тапсырылады.

Сонымен қатар, 8 коммуналдық тұрғын үйдің (432 пәтер) конкурсы аяқталып, мердігері анықталып, оның құрылысына дайындық жұмыстары басталып кетті. Сондай-ақ, Арғынбеков көшесіндегі 4 кредиттік тұрғын үйдің (216 пәтер) құрылысы жалғасып жатыр. Пайдалануға тапсыру мерзімі тамыз-қараша айларына жоспарланған.

Айта кетейік, Шымкентте 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Алдыңғы пост

БАСҚАРМАНЫҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЭПИДАХУАЛДЫҢ ЖАҚСАРУЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА

Келесі жаңалық

МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

July 2022
M T W T F S S
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
« Jun    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі