infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ТОКИО ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева бүгінгі жеңісі жайлы айтып берді. Бүгін, 7 тамыз күні қазақстандық каратеші Софья Берульцева Олимпиада ойдындарынан ел қоржынына қола жүлдені салды.

20 жасар спортшы топтық кезеңде үздік атанып, уақытынан бұрын жартылай финалға жолдама алды. Алайда жартылай финалда египеттік Ферьял Абделазизге 5:4 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.

Жарыстан кейін журналистерге берген сұхбатында спортшы әсерін бөлісіп, көзіне жас алды.

«Әрине, қуаныштымын. Бірақ финалға шығуға болатын еді. Барымды салдым. Кішкене жетпей қалды… Финалға кішкене жетпей қалғанда өкініштен көзіме жас келді. Бүгінгі қарсыластарымның ешқайсысымен осы уақытқа дейін жарыста кездескен емеспін. Жартылай финалда бір-екі соққы алғаннан кейін кішкене тапырақтап қалдым. Бұл жерде төрешіні де, ешкімді кінәлай алмайсың. Бәрі әділ өтті. Нәтижесі осы», дейді.

Софья Берульцева Олимпиада ойындарына жолдаманы соңғы сәтте алды. Ол каратеден рейтинг бойынша да, лицензиялық жарыста да ұтылып қалып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалған болатын.

Алайда Азия аймағында олимпиадалық циклда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған спортшы ретінде Халықаралық карате федерациясының D3 картасына ие болып, Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды.

«Жолдаманы соңғы сәтте алғаным өзіме жақсы болды. Көбісі рейтинг бойынша жолдамаға ие болып, біраз жарыстарға қатыспай жүрді. Біз жарысты да, жаттығу жиындарын да тоқтатқан жоқпыз. Өз формамызды сақтап, соңғы сәтке дейін дайындалдық. Осы тұрғыдан жолдаманы соңында алғанның мен үшін пайдасы көп болды».

Софьяның медалі каратеден Қазақстан құрамасының Токио Олимпиадасындағы екінші жүлдесі.

Ол каратеден Олимпиада ойындарында әйелдер арасында жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы ретінде ел спортының тарихына енді. Каратеші Олимпиаданың қола жүлдесімен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

«Бізге мұнымен тоқтауға болмайды. Алда бізді Азия және әлем чемпионаты күтіп тұр. Біраз демалыстан кейін қалпымызға оралып, жаттығуымызды әрі қарай жалғастырамыз».

20 жасар жанкешті Софья бүгінгі жүлдесін марқұм ұстазы Жасталап Санауовқа арнады.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҢАРУДА

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ 1500 ЖАЛПЫ БЕЙНЕ БАҚЫЛАУ КАМЕРАЛАРЫН ОРНАТУ ЖОСПАРЛАНУДА

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі