ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА ГАЗ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАУІПСІЗДІГІ ҚАДАҒАЛАНУДА

0
104

Шымкент қаласы Қаратау ауданына қарасты Тұран шағын ауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешені көп қабатты үйлерінің ішкі және сыртқы газ жүйелері Каратау ауданы әкімі аппараты тарапынан құрылған жұмысшы топпен зерделенді.

Жұмысшы топқа Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, «Shymkent» ӘКК, «КазТрансГаз» АҚ өңірлік филиалы және мердігер мекемелер қатысты. Зерделеу жұмыстары барысында ішкі газ жүйелерінің ақаулары анықталып, акт түзілді. Ал кемшіліктерді реттеу бойынша мердігер мекемеге тапсырма берілді. Бұл Тұран шағын ауданындағы «Кәусар» тұрғын үй кешенінде 12 көп қабатты үй, 880 пәтер бар.

Айта кетейік, аталған ауданда инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Мәселен, бүгінде шағын ауданның солтүстік-шығыс бөлігіндегі 13 көшесінде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобада жаяу жүргіншілерге арналған тротуар, веложол және автомобиль жолдарының сызбалары енгізілген. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде құрылыс басқармасы тарапынан Тұран шағын ауданында биыл 41 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жоспарланған. Қазіргі таңда 29 үйдің құрылысы жүріп жатыр.

Leave a reply