infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«SHYMQALA» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕГІ «ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫ» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

«SHYMQALA» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕГІ «ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫ» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
«SHYMQALA» ТАРИХИ-МӘДЕНИ КЕШЕНІНДЕГІ «ШЕБЕРЛЕР АУЫЛЫ» ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА СЕРПІН БЕРЕДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«ShymQala» тарихи-мәдени кешені — заманауи мегаполистің тарихи жүрегі. Ал кешеннің жүрегі деп «Шеберлер ауылын» айтуға болады.

Тарихи-мәдени кешендегі «Шеберлер» ауылында тіршілік таң азаннан басталады. Ал бұл маңның ең басты артықшылығы, қала тұрғындары мен қонақтары шеберлердің тұрмыстық заттарды, ыдыс-аяқтарды, ұлттық әшекейлердің жасалу жолдарын көреді. Сондай-ақ ұлттық бұйымдарды өзі жасап үйренуге мүмкіндігі бар. Бүгінде мұнда жергілікті ғана емес, республиканың түкпір-түкпірінен қаншама жас ұлттық бұйымдар мен кәдесыйларды жасап үйреніп жүр.

Шеберлер ауылында бес киіз үй бар. Бірінші ақ қанат киіз үйде сән-салтанатымен хан тағы қойылған. Керей мен Жәнібек, Абылай хандардың отырған орнындай әсер қалдырады екен. Хандар киген бас киімнен бастап шапан, етік және өзге де ұлттық киімдерді киіп хан тағына отырып естелікке суретке түсуге болады. Бұл – туристер үшін жасалған экзотика. Жергілікті тарих пен мәдениетке қызығушылық танытқан туристер келетін мегаполистің маңызды туристік нүктесіне айналдыру мақсатының үдесінен осылайша шығып жатыр.

Екінші киіз үйде қолөнер бұйымдары қойылған. Былғарыдан істелген түрлі заттар, ер тоқымнан бастап кісе белдік, ер-тұрман, жебенің түр-түрі, асатаяқ, т.с.с. алуан түрлі бұйымдарға қызыға қарадық. Мұнда атақты қолөнерші Әшірбек Желдібайдың қолынан шыққан құнды заттарды айрықша атап айтуға болады.

Одан кейінгі үшінші киіз үйде кілем тоқып, киіз басып көрсетеді. Этноауылға кіреберісте екі қақпа бар, сол жақта «Kaztourism» қонақтарға өз ақпаратын ұсынады. Ары қарай Шығыс базарының атмосферасына еніп кетесіз.

ShymQala-дағы балалар алаңында балалар үшін әткеншек қойылған. Көгалда балалар атмосферасы сезіледі. Этноауылдың дәл ортасында үлкен қазан қойылыпты. Биыл 1,5 тонна Наурыз көже осы алып қазанда дайындалыпты. Енді жыл сайын наурыз көжені осы жерде дайындау дәстүрге айналмақ. Дәл қазір кешенде қайта құру, музейлендіру жұмыстары жүріп жатыр.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП КОНДИТЕРЛІК ЦЕХ АШТЫ

Келесі жаңалық

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 56 КӨПҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

August 2022
M T W T F S S
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Jul    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі