infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекеттік Жастар саясатын жүзеге асыру бағытында шымқалалық жастардың дарынын қолдауға арналған іс-шаралар өтіп тұрады. Ағымдағы жылғы шілде айының 7 мен тамыз айының 7 күндері аралығында «Visit  Shymkent» орталығының ұйымдастыруымен мобилографтар арасында байқау өтті.

Бір ай бойы жалғасқан байқауға 15-25 жас аралығындағы 20-ға жуық мобилографтар бақ сынасып, өз материалдарында Шымкенттің туристік нысандарын көрсетуге тырысты. Ұзақтығы 1 минутқа дейінгі Шымкент қаласының көрікті орындары түсірілген видеолар келіп түсті.

Шымкенттің туристік әлеуетін арттырып, дарынды жастарды қолдауға бағытталған байқаудың жеңімпаздарына демеушілер тарап 100 мың теңге қаржылай сый үлестірілді.

Шығармашыл жастардың жұмысын арнайы қазылар алқасы анықтады. Әділқазылар құрамында – «Үркер» ұлттық сыйлығының иегері, кәсіпқой фотограф -Мақсат Шағырбай және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер – Серік Таласов бар. Тәжірбиелі сала өкілдері байқау қатысушыларының видеоларды саралай келе жеңімпаздарды анықтады. Креативті түсірілім жасап, сапалы кадр жасаған үздіктер төмендегідей.

I орын – Айдана Шырынбек, Ернұр Құрайыш
II орын – Келесбек Нұрболат
III орын – Баянов Мейіржан

– Қыз балалардың видео түсіру саласына бет-бұрғаны және ер азаматтармен қатар сапалы роликтерді жасауы қуантарлық дүние. Кадрда түнгі түсірілімдер бар, бұл қыз баласының тарапынан үлкен еңбек деп ойлаймыз.1 минуттық роликте кадрлар мен музыка үйлесім тапқан, – деді Мақсат Шағырбай.

Яғни 100 мың теңге қаржылай жүлде бірінші орын алған екі қатысушыға берілді. Екінші және үшінші орын алған азаматтарға бағалы естелік сыйлықтар мен «Алғыс хаттар» табысталды.

Айта кетейік, байқауға ұсынылған материалдың авторлық құқығы «Visit Shymkent» ақпараттық орталығының меншігіне берілді.

 

Алдыңғы пост

«АЛҒАШҚЫ ЖҰМЫС ОРНЫ» ЖОБАСЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Келесі жаңалық

ӨТКЕН ЖЫЛУ МАУСЫМЫНДА ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНУ ЖАҒДАЙЫ ЕКІ ЕСЕГЕ ТӨМЕНДЕГЕН

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі