infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІ ҚҰРУДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЗОР

ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІ ҚҰРУДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЗОР

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ҮШІНШІ МЕГАПОЛИСТІ ҚҰРУДА ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ ЗОР
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – шын мәнінде ұлық мереке. Осы 30 жылда еліміз небір тар жол, тайғақ кешулерден аман өтіп, әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар, шекарасы айқындалған, іргесі берік, экономикасы орнықты дамып келе жатқан өркениетті елге айналды.
Тәуелсіздік жылдарындағы толағай табыстар жайлы ұзақ әңгімелеуге болады.

Біз бүгін соның бір парасын ғана сөз етпекпіз. Еліміздің одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев 2018 жылдың 19 маусымында екі бірдей тарихи Жарлыққа қол қойды. Оның бірі Шымкент шаһарына «республикалық маңызы бар қала» мәртебесін беру туралы болса, екіншісі облыс орталығын Түркістан қаласына көшіре отырып, жаңадан Түркістан облысын құру жөнінде.

Сол бір тебіреністі сәттерде Елбасының «Биыл халқының саны миллионға жеткен Шымкент республикадағы ең ірі 3 мегаполистің қатарына қосылды. Міне, тәуелсіздік жылдарында миллионнан астам халқы бар осымен екінші қала пайда болды. Оның бірі Астана болса, екіншісі – Шымкент. Республикалық мәртебеге ие бола отырып Шымкент еліміздің ғана емес, бүкіл Орталық Азияның инвестиция, технологиялар мен интеллектуалдық ресурстар шоғырланатын жаңа орталығына айналады» деген болатын.

Содан беріде небары 3 жыл өткен болса да Елбасының сол сөзі ақиқатқа айналып, Шымкент еліміздің ірі орталығына айналып келеді.

—Шымкенттің республикалық мәртебеге ие қала атануы оның екінші тынысын ашты. Жаңа мәртебе шаһарға шешім қабылдау еркіндігін берді. Сол арқылы қаланы дамытудың дербес, кешенді жоспары жасалды. Қай саладағы қайсы жұмыстың қашан атқарылатыны кешенді жоспарда айқын көрініп тұр. Бұл бір жағынан тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға жол ашса, екінші жағынан кәсіпкерлердің қаланың болашағына деген сенімін арттырды, – дейді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов.

Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, үш жылдың ішінде қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден 481,6 млрд.теңгеге дейін көбейді. Яғни, өсім 3,7 есе.

Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, кәсіпкерлік белсенділік те артқан. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд теңгеден биыл 400 млрд теңгеге жетпек. Осыдан 3 жыл бұрын өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңге болады деп күтілуде.
М.Әйтенов 3 жыл бұрын 403 мың шаршы метр тұрғын пайдалануға берілсе, биыл бір миллионға жеткізуді жоспарланып отырғанын айтты. Нәтижесінде салық базасы өсіп, жергілікті бюджетке түсімдер 57 млрд. теңгеден 150 млрд. теңгеге жеткен. Жалпы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн. теңгеден асыпты.

Шаһар басшысы экономикалық өсім қала инфрақұрылымын дамытуға қарқын бергенін алға тартады. Соңғы үш жылда, биылды қосып есептесек, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.Үш жылда, биылды қосып есептегенде, 18 тұрғын алабы ауыз суға қосылып, 60 мың адамның қолы сапалы ауыз суға жетеді. Сондай-ақ, үш жылда 7 тұрғын алабы табиғи газға қосылып, 29 500 адам қызығын көріп отыр.

Жалпы, 2023 жылға дейін халық 100 пайыз сапалы ауыз суға, 100 пайыз табиғи газға, 2025 жылға дейін 100 пайыз сапалы электр қуатына қосылады. Осының бәрі халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға оң ықпал етіп отырғаны анық.

Алдыңғы пост

«СК-АЙМАҚ» – ЖШС ЖИhАЗ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУҒА МАМАНДАНҒАН КӘСІПОРЫН

Келесі жаңалық

АВТОМОБИЛЬ ШЫНЫЛАРЫН ЖАСАЙТЫН ӨНДІРІС ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі