infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі Шымкенттің шуақты таңы әсем әуезді әнмен атты. Таңмен таласа өңірлік зиялы қауым, құрметті азаматтар, қала тұрғындары «Абай» саябағына гүл шоқтарын көтере келді. Неге десеңіз, 176 жыл бұрын, дәл осы күні қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай Құнанбайұлы дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, артына өшпейтұғын із қалдырған кемеңгер Абайдың туған күнін биыл шымкенттіктер осылай атап өтуге бел буды. Әрине карантин талаптарын сақтау басты назарда.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып ұйымдастырылған салтанатты шараға қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов, қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова, ғалым, филолог Ақжол Қалшабек және басқалар қатысты.

— Ұлы философ, ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде өміршең құнды мұралар қалдырды. Қай шығармасын алсақ та, халқын білім-ғылым іздеуге, қоғамды өркендетуге шақырған әдеби еңбектері, адамзатты сүю мен ой тазалығы туралы пікірлері өзектілігін жоймайды. Ғылым таппай мақтанба өлеңінің өзі қандай?! Бала кезімізде оның мәнін, құндылығын дұрыс түсінбедік. Жаттап айтқанымыз есте. 9-10 сынып оқығанда ғана терең мағынасын білдік. Сондықтан Абай мұрасы әлі де зерттелу керек, — деді Бахадыр Нарымбетов.

Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан Абай саябағында бүгін ерекше атмосфера. Таңнан бастап Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жанды дауыста ұлы ақынның әуезді әндерін келушілер қосыла шырқауда.

Шараға қатысушылардың қатарында қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жас ақындар, кітапхана және Полиция департаментінің қызметкерлері де болды.

Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ 1 092 ШАҚЫРТУҒА ШЫҚҚАН

Келесі жаңалық

ҚАЛАНЫҢ БАС ИМАМЫ ВАКЦИНА САЛДЫРУ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТКІЗДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

August 2022
M T W T F S S
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Jul    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі