infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 257 НЫСАН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 257 НЫСАН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

10 августа, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ МІНДЕТТЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА 257 НЫСАН ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев қала аумағында 6 айдағы өрт қауіпсіздігі және шомылу маусымының жағдайы бойынша брифинг өткізді.
Департамент басшысының айтуынша, Шымкент қаласы аумағында 2021 жылдың 6 айында 85 өрт тіркелген, 2 адам жарақаттанған. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігі тұрғын үйлер (39 өрт) мен көліктерге қатысты (27 өрт). Қалғаны (22 %) өндіріс, сауда, қойма, әкімшілік нысандарда және ашық аумақтарда орын алған.
Өрт жағдайлары бойынша 40 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 15 өрт және 25 жану жағдайлары бойынша жалпы соммасы 145 850 теңгеге айыппұл салынған.
Шаһарда мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін жүзеге асыру аясында биыл 6 айда ерекше тәртіппен 292 нысанды тексеру жоспарланған. Іс жүзінде 257 нысан тексеруден өтті. 35 нысан объективті себептермен тексерілмеді.
Жүргізілген тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған 2 мыңнан астам (2285) құқықбұзушылық анықталды. 216 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдардың өндірілуі 100 %-ды құрайды.
Бақылаулық тексерулер аясында ұйғарым талаптарын орындамау фактілері бойынша 12 әкімшілік іс қозғалып, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шешім қабылдау үшін жолданған.
Шымкент қаласында табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау және азайту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде. 2021 жылдың басынан бері қала аумағында табиғи өрттер тіркелмеген.
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗҒЫ КЕЗЕҢДЕГІ ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНЫҢ ҚАУІПСІЗ ӨТУІНЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛУДА

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР ҰЛЫ АҚЫННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі