infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУДА ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУДА ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК

28 июля, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖОСПАРЛАУДА ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ ЕСКЕРІЛУІ КЕРЕК
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық білім басқармасының алғашқы жартыжылдықта атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Басқарма басшысы берген ақпаратқа сәйкес, қала бойынша барлығы 526 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп, оларға 67 мыңнан астам бала қамтылған. Оның ішінде 3-6 жас шамасындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылу көрсеткіші толықтай орындалса, 1-6 жас аралығындағы балалардың қамтылуын жыл соңына дейін 86,2 пайызға жеткізу көзделген.
Қаланың 79 балабақшасында инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, логопедтік пункттер ашылған. Мектеп оқушыларын қосымша біліммен қамту бағытында мәдениет, спорт саласындағы ұйымдармен ықпалдастық орнап, 5 аула клубын ашу жұмыстары басталған.
Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту шеңберінде биыл 32 мектептің құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 12 мектептің құрылысы мемлекет есебінен жүргізілсе, 20 мектепті жеке инвесторлар салуда. Биыл 20 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде апатты мектеп мәселесі түпкілікті шешіліп, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9 мектепке төмендейді.
Қала мектептерінде 263 пән кабинеттерін жабдықтау жұмыстары басталған. Оқушылардың компьютермен қамтылу көрсеткіші артып, 28 мектеп жанынан спорт алаңдары ашылмақ. Білім беру ұйымдарына бейнебақылау камералары, турникеттер орнатылуда.
Салада атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов қала қарқынды түрде өсіп жатқанын, оның ішінде ішкі миграциямен тұрақтап жатқан халық саны артып отырғанын назарға алып, білім беру жүйесінің жұмысында осы фактор міндетті түрде ескерілуі керектігін айтты.
Адами капиталдың әлеуетін арттырудағы бірінші қадам – мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру екендігіне көңіл бөліп, алдағы жылдары салынатын балабақшалар санын арттыру жөнінде талап қойды. Бұл саланың бизнеске бейімделуі сәтті өткенін айтып, жекеменшік балабақшалар қызметін ұйымдастыруды ұтымды жүргізуді тапсырды.
Мектеп оқушыларының қосымша біліммен қамтылуын назарда ұстап, мектеп оқушыларының білім көрсеткіштерін арттыруда мектеп басшыларының, педагогтардың жұмыс көрсеткіштерін бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдауды жүктеді.
Мектептердің оқушы жүктелімдерін теңестіру қажеттілігін айтып, бұл бағытта ортақ ұстаным қалыптастыруды тапсырды. Білім беру ұйымдарының қауіпсіз орта болып саналуы үшін қолда бар барлық мүмкіндіктер қарастырылып, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану тиімділігіне тоқталды.
Жиынды қорытындылаған қала басшысы жаңа оқу жылына дайындық барысында оқулықтардың уақтылы жеткізілуін бақылауда ұстап, білім беру ұйымдарының жылыту маусымына әзірлігін ерекше қадағалауды жүктеді.
Алдыңғы пост

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ҚАНДАС БАСПАНАЛАРЫН САТЫП АЛУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ

Келесі жаңалық

КАДРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ МІНДЕТІ ЖҮКТЕЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі