infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖАҢА БІРЛЕСТІКТЕРГЕ КӨШІРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖАҢА БІРЛЕСТІКТЕРГЕ КӨШІРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ КОНДОМИНИУМ ОБЪЕКТІЛЕРІН ЖАҢА БІРЛЕСТІКТЕРГЕ КӨШІРУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында көпқабатты тұрғын үйлерді басқарудың жаңа жүйесіне көшіруді бастау керектігі жайлы тапсырма берген болатын. Бұл ретте Президент Жолдауда: «Мүліктік меншік иелерінің бірлестігі» институтын енгізу жөніндегі реформа басталды. Тиісті заң да қабылданды. Енді барлық көппәтерлі тұрғын үйлер кезең-кезеңмен осы басқару нысанына көшеді. Бұл реформа меншікті басқару ісінде тұрғындар пікірінің ескерілуін, сондай-ақ тұрғын үйді пайдалану және жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың ашықтығы мен есептілігі болуын көздейді. Үкімет пен әкімдер осындай маңызды реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Себебі мұндай бірлестік – өзін өзі ұйымдастыру және басқару институтының бастау негізі» деген еді.

Осы орайда Жолдауда жүктелген бұл міндет ҚР Президентінің 2020 жылдың 14 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылып келеді. Жолдауда берілген тапсырма шеңберінде 2021 жылдың 29 наурызында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен жиналыста кондоминиум объектілерінің басқару органдары – мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) мен жай серіктестік (ЖС) құру бойынша жұмыстарды жандандырып, тіркеу процесін ай сайын кем дегенде – 10 пайызға арттыру міндеті қойылды.

Осыған байланысты қалада жаңа реформаны іске асыру қарқынды түрде қолға алына бастады. Ресми дерек бойынша Шымкентте жалпы саны 2239 көпқабатты үй бар. Бүгінге дейін олардың 478-і жай серіктестік, ал 95-і мүлік иелерінің бірлестігі болып жаңадан тіркелді. Тарқатып айтқанда, Шымкент қаласының Қаратау ауданында 481 көпқабатты тұрғын үйдің 8-і МИБ-ке, 125-і ЖС-ға, Еңбекші ауданында 630 көпқабатты тұрғын үйдің 6-уы МИБ-ке, 160-ы ЖС-ға, Әл-Фараби ауданында 672 көпқабатты тұрғын үйдің  – 41-і МИБ-ке, 103-і ЖС-ға және Абай ауданы бойынша 453 көпқабатты тұрғын үйден 40 тұрғын үй МИБ-ке, 90-ы ЖС-ға көшті.

Сонымен бірге аудан әкімдері тарапынан аудан аумағында кондоминиум объектілері ретінде тіркелмеген көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген.

Бүгінгі таңда сол іс-шаралар жоспарына сәйкес үйлерді кондоминиум объектілері ретінде тіркеу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Және оларды басқарудың түрін таңдау мақсатында кондомниниум объектілері иелерімен жиналыстар ұйымдастырылуда.

Таңдау еркінен кейінгі көпқабатты үйлерді МИБ немесе ЖС-ға тіркеу жөніндегі шешімдер аудан әкімі аппараттарының жауапты қызметшілері арқылы “Easy project” бағдарламасына енгізіледі.

Алдыңғы пост

А-2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫН ҚАЙТА ҚҰРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ САПАСЫ ТӨМЕН 30 ТҰРҒЫН АЛАПҚА ОПТИКА ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі