ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ КЕСТЕГЕ СӘЙКЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
80

Шымкент қаласының аудан аумақтарында 2021-2022 жылғы қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Осы орайда Еңбекші ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерде жылыту маусымына дайындық жұмыстарын оңтайландыру мақсатында сервистік қызмет көрсететін мекемелермен келісімшарт жасау қажеттігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.

Аталған құжатқа сәйкес мекеме тұрғын үйлердің жылыту жүйесін қысыммен тексеру және жуу, вентильді жөндеу, тығыздамалардың төсемдерін ауыстыру, жылыту жүйесін жоспарлы профилактикалық тексеру жұмыстарын ұдайы жүргізіп отыратындығы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Нәтижесінде Еңбекші ауданында 530 жылу қабылдайтын көпқабатты үй тіркелсе, оның ішінде 295 үй жылыту маусымына дайын.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы әкімі қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстарынан бөлек, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аулаларды аралап, атқарылған жұмыстарды да бақылауды назарға алған. Осы жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысқан тұрғындардың ұсынысымен 56 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында жұмыстар жүргізілуде. Ал жобаға қатысу үшін 43-30-40 телефон нөміріне хабарласып, қосымша ақпарат ала алады.

Leave a reply