infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 74 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ 74 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

12 августа, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТТЕ 74 АЗАМАТҚА ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
0
SHARES
44
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегі келген 74 азаматқа жалдамалы пәтер кілті табысталды. Оның ішінде 28 пәтер — көпбалалы отбасыларға, 39 пәтер — халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ мүшелеріне, 7 пәтер — жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға берілді.
Аталған көпқабатты тұрғын үйлер Тұран, Тұрлан, Асар-2 шағын аудандарынан бөлінген.
Жалдамалы баспанамен қамтылғандардың қатарында қала тұрғыны Фарида Жүнісова да бар. Ол 2014 жылы тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегіне көпбалалы отбасылар санаты бойынша кезекке тіркелген. Қала тұрғыны осы уақытқа дейін тұрғын үй кезегін үнемі егов электрондық порталы арқылы бақылап отырған. Көпбалалы ана 7 жылға жуық уақыт бойы тұрғын үй кезегін сабыр сақтап, шыдамдылық танытып күткен. Бүгінде жалдамалы баспанаға қол жеткізген отбасының қуанышында шек жоқ.
Айта кету керек, осы жылдың сәуір айында тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде тұрған 161 азаматқа сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер қолданысқа берілсе, мамыр айында 147 арендалық баспана тұрғындар игілігіне табысталған болатын. Сонымен бірге жыл басында 300 пәтер жұмыс істейтін жастарға үлестірілген еді. Ал, жыл соңына дейін 294 азаматтың пәтермен қамтылуы жоспарлануда.
Айта кетейік, 2020 жылы тұрғын үй кезегіндегі 1596 азамат арендалық баспанаға қол жеткізген болса, 904 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға берілген болатын.
Алдыңғы пост

«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК ОРТАЛЫҚ БІР АЙДА 1700-ГЕ ЖУЫҚ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Келесі жаңалық

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ХАЛЫҚ САНАҒЫ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН БҰРЫШТАР АШЫЛУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі