infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ 1 092 ШАҚЫРТУҒА ШЫҚҚАН

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ 1 092 ШАҚЫРТУҒА ШЫҚҚАН

10 августа, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫМКЕНТ: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ТЖД ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТТЕРІ 1 092 ШАҚЫРТУҒА ШЫҚҚАН
0
SHARES
30
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаевтың қатысуымен брифинг өтті.
Баспасөз мәслихатында Департамент бастығы Мадияр Есенгелдіұлы Шымкент қаласы аумағында жыл басынан бері ТЖД тарапынан атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғады.
– Жыл басынан бері Департаменттің жедел қызметтері 1 092 рет жедел шақыртуға шықты. Осы ретте 126 адам құтқарылып, төтенше жағдай аймағынан 32 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ, 1 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Тіркелген өрттердің негізгі бөлігін тұрғын үйлер (39 өрт немесе 45,9%) мен көліктердегі (27 өрт немесе 31,8%) өрт оқиғалары құрап тұр. Департамент өзіне жүктелген міндеттер аясында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлді. Халықпен жұмыс жасауға жергілікті атқарушы органдардың және «ҚазТрансГазАймақ» филиалының қызметкерлері тартылды. Сонымен қатар, Шымкент қаласының «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты қатарынан еріктілердің әлеуеті белсенді пайдаланылды, – деді М.Жақсыбаев.
Спикердің сөзінше, орман, дала өрттерінің алдын алу бойынша БАҚ-та 84 үгіттеу шарасы ұйымдастырылған. Телеарнадан 14 сұқбат (бейнеролик), радиодан 58 сұқбат, баспа басылымдарынан 12 мақала шығарылған. Ал «Өрт қауіпсіздігі және улы газдан уланудың, дала-орман өрттерін алдын алу» тақырыбында жыл басынан бері 30 520 үй аулаларын аралап, тұрғын үйлерде 139 405 адамды, 85 жиын өткізіліп, 7 098 адамды қамтыған. Баспа басылымдарынан 268 мақала шығарылып, телеарналардан 199 сұқбат, ал радиоарналардан 669 түсіндірме берілген.
Сонымен қатар, биылғы көктемгі су тасқынының залалын азайту бойынша бірқатар іс-шара өткізілген. Алайда еріген қар суының, жаңбыр түрінде жауын-шашынның және кей жерлерде ирригациялық жүйелері ақаулығы салдарынан 33 мекенжай бойынша аула мен көше аумақтарын су басқан. Қаладағы төтенше жағдайларды жою үшін Департаменттен 38 бірлік техника, 41 мотопомпа, 153 бірлік жеке құрам жұмылдырылған. Осы ретте 8 мың текше метр су сорылған.
Айта кетейік, жыл басынан бері қала аумағында табиғи өрттер тіркелмеген. Сондай-ақ, Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығында оқыту бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспары 100%-ға орындалды. Яғни, 1-жарты жылдығына жоспарланған 16 адамның барлығы оқыған.
Алдыңғы пост

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДА КОММУНАЛДЫҚ ТӨЛЕМ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕГЕН

Келесі жаңалық

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Июнь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930  
« Май    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі