infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ САЙТЫНА 24 КӘСІПКЕРДЕН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ САЙТЫНА 24 КӘСІПКЕРДЕН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ САЙТЫНА 24 КӘСІПКЕРДЕН ӨТІНІМ ТҮСКЕН
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Мемлекеттік тапсырыспен жан басына қаржыландыру жобасына қатысқан жеке кәсіпкерліктің бірі – ЖК «РИТМ» үйірмесі. Аталған үйірменің жұмысымен қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысып, балалардың биін тамашалады.

Мұнда ата-анадан 300 өтінім түскен. Олардың ішінде 140 бала ұлттық би үйірмесіне жазылған болса, 60 бала заманауи биге, 100 бала бал билеріне қатысуға өтініш тастаған. Үйірме Қаратау ауданы «Нұрсат» шағын ауданы 208А үйде орналасқан.

Үйірмеге балаларын алып келген ата-аналармен тілдескен қала әкімі Президент тапсырмасына сәйкес биылғы жылы спорттық және шығармашылық секцияларға жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі енгізілгенін атап өтті. Жаңа жоба бойынша 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар, оның ішінде ерекше қажеттілігі бар балалар мемлекеттік тапсырыспен кез-келген спорт секциясына, шығармашылық үйірмесіне тегін бара алатынын түсіндірді.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Х.Есенова осы жылдың 28-ші маусымында шығармашылық үйірмелерді жан басына қаржыландыру қағидасы Artsport.edu.kz сайтында жарияланғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сайтқа осы күннен бастап, бүгінгі күнге дейін 10 жеке кәсіпкерден 24 өтінім түскен. Заңға сәйкес 8 үйірмеге жұмыс атқаруға рұқсат берілсе, 5 үйірменің құжаты кері қайтарылған. Ал қалған 11 үйірменің құжаттары қаралу үстінде екен. Басқарма басшысы қаладағы жеке кәсіпкерлерді аталған жобаға қатысуға шақырды.

Алдыңғы пост

ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАЛАЛАРДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ҮЙІРМЕГЕ БАРУЫНА ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТЕДІ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 400 БАЛА АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІН ҮЙРЕНЕДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі