infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

Екпе жайлы дұрыс түсінейік!

Екпе жайлы дұрыс түсінейік!

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
«ДІНДЕ ЕКПЕ АЛУ РҰҚСАТЫ»
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Алла Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Пайғамбар Мұхаммед с.ғ.с.: «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.
Медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын қатерден сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі екенін айтуда.
КОРОНАВИРУСҚА қарсы вакцина туралы сөз қозғамас бұрын, алдымен осы уақытқа дейін түрлі вирустың алдын алып келген екпе жайында айтсақ. Мамандардың пікірінше, екпенің зиянынан гөрі пайдасы көп. Ал, ғалымдар мұны адамзаттың үздік жетістіктерінің бірі деп санайды. Тарих қойнауына көз жүгіртсек, әлем мойындаған екпені қазақ даласына алып келгендердің бірі – Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы. Ол екпені алғаш шешекке қарсы пайдаланған. Әрі бұл әдісті еуропалықтардан бірнеше ғасыр бұрын енгізгені туралы деректі оның «Шипагерлік баян» атты еңбегінен табуға болады.
Медицина саласында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келген мамандардың айтуынша, екпеге қарсы пікірді таратып жүргендер бұл саладан хабары жоқ жандар. Сала мамандарының сөздерінше қауіпті дерттің алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина болып табылады.
Соңғы жылдарда елімізде екпеден үркитіндер саны толастамай отырғанын немен түсіндіруге болады? Санадағы сан ойлардың бір тармағы олардың басым бөлігі Ислам шариғаты екпе егуге қарсы деген пікірде ме дегенге саяды. Негізінде, олай емес. Яғни, ислам шариғаты екпе егуге қарсы деген пікірдің қате екендігін теолог ғалымдарымыз да мойындаған. Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.
Қажылар Меккеге қажылыққа барар алдында түрлі ауруларға қарсы екпелерді қабылдайды. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.
P.S. БҮГІНДЕ 13 мыңнан астам медицина қызметкері вакцина алып үлгерді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты. Жалпы, ел аумағына жеткізілген «Спутник V» екпесі 13 301 адамға салынған. Олардың қатарында инфекциялық стационар, жедел медициналық көмек, сондай-ақ КВИ-мен сырқаттанудың жоғары қаупі бар басқа да бейіндегі медицина қызметкерлері бар. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа жаппай екпе салдыру ғасырлар бойы адамзатты шешек, оба сияқты қырылып қалуға апаратын қорқынышты аурулардан қорғап келгенін айтты. Алла берген ғұмырдың жақсылығын сұрап, денсаулықтың қадірін, деніміз сау кезде білейік.

АТТ мүшесі, И.Айтаев

Алдыңғы пост

Денсаулық – Алланың аманаты

Келесі жаңалық

Вакцинация – путь избавления от эпидемии

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі