infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫН САРАЛАДЫ

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫН САРАЛАДЫ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫН САРАЛАДЫ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласының Әл-Фараби ғылыми-әмбебап кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан: Жасампаздыққа толы жылдар. Шымкент қаласының басты жетістіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жиынға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, жазушы, журналист, қоғам қайраткері Мархабат Байғұт, М.Әуезов атындағы ОҚУ проректоры Сәкен Мәжiнбеков, қалалық мәслихаттың депутаты Рәшкүл Оспанәлиева, сондай-ақ, БАҚ басшылары мен этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.
Басқосуда сөз алған Шыңғыс Жұмабекұлы Қазақстанның соңғы үш онжылдықтағы мемлекеттік құрылыстағы тарихи серпілісінің, әртараптандырылған нарықтық экономиканы құруда үшінші мегаполистің алар орны ерекше екенін жеткізді. Қала халқының 52 пайызы егемендік алған 30 жылдың ішінде дүниеге келгенін және шаһар тұрғындарының орташа жасы 28-ді құрағанын айтты.
Сондай-ақ, айтулы жылды шаһарда кең көлемде мерекелеу барысын атап өтті.
– Егемендік алғалы елімізде көптеген ауқымды жобалар атқарылып, соның жемісін көріп келеміз. Осы жетістіктердің ішінде Шымкент қаласы мен жұртшылығының алатын үлесі едәуір. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын кең көлемде қамту мақсатында басқармалар мен аудан әкімдіктерінен ұсыныстар жинақталып, әр айға арнайы атаулар берілген. Бұл ретте биыл бірінші жартыжылдықта қала бойынша Тәуелсіздігімізді ұлықтаған 175 іс-шара өткізілді. Оның ішінде республикалық 74 ауқымды іс-шараға 45 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл жұмыстар әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз, – деді Шыңғыс Мұқан.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Шымқалада атқарылған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді талқылады. Сонымен қатар, «Туған қала» атты бейнероликті тамашалады.
Алдыңғы пост

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША АРНАЙЫ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі жаңалық

«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕГІ МОЛ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі