infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕГІ МОЛ

«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕГІ МОЛ

September 1, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
«TEN QOGAM» ӘЛЕУМЕТТІК КЕҢЕС БЕРУ СЕКТОРЫНЫҢ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА КӨМЕГІ МОЛ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында, ағымдағы жылдың 1 шілдесінде «Ten qogam» әлеуметтік кеңес беру секторы ашылған болатын. Сектордың міндеттері әлеуметтік қызметтер порталын қолдануда көмек беру, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдау бойынша кеңестер беру, жекелей сүйемелдеу, психологтың көмегі және т.б. қызметтер кіреді. Қысқаша уақыт аралығында жалпы 2 274 мүмкіндігі шектеулі азаматқа түрлі қызмет көрсетілді. Оның ішінде, санаторлық – курорттық емделуге жолдама алуға өтініш тастағандар саны 1300-ден астам. Сонымен қатар, еңбекке қабілетті мүгедек азаматтардың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамту мәселелері де жүзеге асырылуда.
Аталған бағдарламамен танысып жұмысқа орналасқан азаматтардың бірі – Толқынай Нұрлыханқызы. 22 жастағы Толқынай 1 – топ мүгедегі. Ол ағымдағы жылы Политехникалық колледжінің «Жүйелік әкімші» мамандығы бойынша білім алған. Жас маман оқу бітірген соң «Тen qogam» секторына келіп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуы бойынша кеңес алуға келген. Кейіннен мамандар «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыс ұсынған соң, нәтижесінде 2021 жылдың тамыз айында Жолаушылар көлігі және Автомобиль жолдары басқармасының «Диспетчерлік қызмет» орталығы КММ-не өз мамандығы бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды.
Айта кетерлігі, ерекше қорғалған азаматтар үйден шықпай-ақ электрондық қолтаңбамен әлеумет егов кз арқылы әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндігі бар. Әлеуметтік қызметтер порталының ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтар оларға қажетті оңалту құралдар мен қызметтерін сапалы және делдалсыз еркін таңдауға және 15 күнде үйге жеткізуге толық мүкіндік алады. Егер азаматтар техникалық оңалту құралының қымбат түрін таңдаған жағдайда, үстіндегі ақшасын өзі төлеп алуына болады.
Алдыңғы пост

ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК ТАБЫСТАРЫН САРАЛАДЫ

Келесі жаңалық

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 3 ПАЙЫЗҒА ӨСТІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі