infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Басты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТТЕ САХНАЛАНҒАН ҚОЙЫЛЫМ ЕНДІ БАС ҚАЛАДА

2 сентября, 2021
in Басты жаңалықтар, Қоғам
0
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы гастрольдік сапарға аттанды. Өнерпаздар 2-3 қыркүйек күндері Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театр сахнасында Т.Жармұқаметтің «Домалақ ана» операсын көрермен назарына ұсынады. Шығармашылық ұжымды сапарға шығарып салуға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және қалалық мәдениет басқармасының басшылары қатысты. Шыңғыс Жұмабекұлы қаламызда мәдениет саласына баса назар аударылып жатқанын айтты.
– Шымкент қаласының опера және балет театрында үлкен өзгерістер орын алып жатқанына өздеріңіз де куәсіздер. Әлемге танымал Майра Мұхамедқызы қаламызға келген соң екі айдың ішінде «Домалақ ана» операсын сахналап шықты. Енді сол қойылыммен Елордаға аттанғалы отырсыздар. Жолдарыңыз болсын! Бұл сапар еліміздің Конституциясы күні мерекесімен қатар келіп отыр. Алдағы он жылдың ішінде Шымкенттің мәдениет саласының шоқтығы бұдан да биікке көтеріледі деп сенеміз. Себебі, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте арнайы опера залы салынады деп жоспарланып отыр, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Опера және балет театрының директоры Майра Мұхамедқызының айтуынша, пандемияға байланысты екі жылдан бергі алғашқы сапарға ұжым тыңғылықты дайындалған. Нұр-Сұлтан қаласына театрдың 170-ке жуық қызметкері аттанса, елордадан 50-ге жуық маман мен арнайы аспаптармен қосылып, «Домалақ ана» операсы нақышына келтіріп орындалмақ.
«Домалақ ана» операсын сахналау егемен еліміз үшін тарихи оқиға, жаңа белес болып отыр. Қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз аналарымыздың ішінде қасиетті «Домалақ ана» туралы оқиға тарихи шындығының молдығымен дараланып тұратын шығармалардың бірі екендігі сөзсіз. Қазақ халқынның өзіне тән қасиетті ана бейнесі «Домалақ ана» операсында тереңдікпен жеткізілген. Жас қыз Нуриланың ана атанып, өсиет пен рухани құндылықтарға және аналық мейірге толы ғұмыры арқылы ана махаббатының қуаты өте кең әрі шынайы көрсетіліп, суреттеледі.
«Домалақ ана» операсы тек аналық қайсар жүрек пен қалың елге тараған кең пейілділікті айшықтап қана қоймай, қазақ халқының тарихында маңызды оқиғалардың қозғаушысы болған Бәйдібек батырдың өз халқына деген сүйіспеншілігімен бір арнаға тоғысып, қазақ елінің тарихи тереңдігін, мәдени көркемдігін кеңінен қамтиды.
Идея авторы — ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы, қойылымның композиторы ҚР Мәдениет саласының үздігі, Халықаралық байқауладың лауреаты Тасқын Жармұқамет. Либреттосын жазған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, Қоюшы-режиссер – Михаил Панджавидзе; Қоюшы-дирижер – Мәди Өмірзақов; Қоюшы-суретші – Бақыт Күзембаев.

Алдыңғы пост

Келесі жаңалық

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі