infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

ТҮРКІСТАНДА Қ.А.ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ

September 27, 2022
in Әлеумет
0
ТҮРКІСТАНДА Қ.А.ЯСАУИ КЕСЕНЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІН ЗЕРДЕЛЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ КЕҢЕСІ ӨТТІ
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын мониторингтеу және зерделеу жөніндегі жұмыс тобының қорытынды кеңесі өтті.
Алқалы басқосуға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбай және облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев қатысты.
Кеңес барысында тиісті мемлекеттік мекемелердің жан-жақты сараптамалары және ғалымдардың ой-пікірі тыңдалып, кесененің қазіргі ахуалы талданды. Аида Ғалымқызы кесене ғимаратымен танысып, мамандардың баяндамаларын тыңдады. Сондай-ақ мәселелерді шешудің түрлі жолдары ұсынылды.
Келелі кеңесте ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Мұратұлы баяндама жасап, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде туындаған мәселелерді шешуге және оның дұрыс сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған жоспарды таныстырды.
Айта кетерлігі, 2021 жылы және биыл бірінші жартыжылдықта кесененің аумағын абаттандыру жұмыстарына орай құрылыс материалдарымен жабылып қалған құдықтар арқылы ылғалдылықты қадағалауға мүмкіндік болмаған еді. Қазір құдықтар ашылып, тазарту жұмыстары жүргізіліп, күнде су деңгейін өлшеп отыруға мүмкіндік туды.
Жоспарға сай Кесенені сақтау, пайдалану, зерттеу, қорғау, басқару, қаржыландыру шараларының 2023-2027 жылдарға арналған менеджмент-жоспарын әзірлеу, басқарушы ұйым ретінде Әзірет-Сұлтан музей-қорығына жүктелген. Музей-қорық бұл жұмысты биыл аяқтайды деп жоспарланған.
Сондай-ақ, жүргізілген ғылыми зерделеу жұмыстарының нәтижесінде алдағы ғылыми-реставрациялауға жататын учаскелерді анықтау мақсаты алға қойылған болатын. Бұл жұмыстар Қазқайтажаңарту мекемесімен маусымдық жаз, күз, қыс, көктем кезеңдеріндегі өзгерістерді толық қамту мақсатында бір жыл көлемінде жүргізіліп, жоспарға сай келесі жылдың наурыз айында аяқталатын болады.
Есепті кезеңде барлық тиісті институт пен ұйымдар бірлесіп жұмыстар атқарды. Алдағы уақытта осы үрдіспен Жұмыс жоспарын толық орындауға бағытталған жоспар жүзеге асырылатын болады.
Алдыңғы пост

ҮЛКЕН ТЕННИСТЕН АЛҒАШҚЫ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ТМД-НЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі