САЙРАМ АУДАНЫ: ЗАМАНАУИ СЕРВИСТІК КЕШЕН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
113
Сайрам ауданында заманауи жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені инвестициялық жобасының бірінші кезеңінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысанның ашылуына аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы қатысып, кешеннің жұмысымен танысты.
Инвестициялық жоба жалпы төрт кезеңнен тұрады. Оның алғашқы кезеңі ауыр жүк көліктеріне кешенді қызмет көрсетуге бағытталған. Мұнда жүк көліктеріне арналған автобөлшектер дүкені, ауыр жүк көліктерін жууға арналған 3 орын, май ауыстыруға арналған 4 орын, дөңгелек жөндеуге арналған 2 орын және көлік жөндеу жұмыстарын жүргізетін 2 орын қарастырылған. Автобөлшектер дүкенінің сыйымдылығы – 20 адам. Жоба құны — 3,7 млрд. теңгені құрайды. Ал, 1-ші кезеңі — 900 млн теңге.
Жаңа кешеннің іске қосылуы жол бойындағы сервистік қызметтің сапасын арттырып, жүк көлігі жүргізушілеріне қажетті қызмет түрлерін бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы ауданда кәсіпкерлікті дамытуға, қызмет көрсету саласының аясын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Бүгінде инвестициялық жобаның бірінші кезеңі толық аяқталды. Қалған кезеңі 2027–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Leave a reply