infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«ALLO TAXI» ЖЫЛДАМ ЖЕТКІЗЕДІ

23 ноября, 2022
in Әлеумет
0
«ALLO TAXI» ЖЫЛДАМ ЖЕТКІЗЕДІ
0
SHARES
19
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Жол мұраты — жету. Діттеген жерімізге аман-есен, әрі тезірек жету үшін қоғамдық көліктен бөлек, такси қызметін тұтынатынымыз бар. Бүгінде көшеде қол бұлғап такси тоқтатып тұратындар некен- саяқ. Такси қызметіне қоңырау шалсаңыз болғаны, үйіңіздің алдына дейін келіп алып кетіп, аяғыңызды жерге тигізбей, баратын жеріңізге жеткізеді. Өзім де такси қызметінің тұтынушысымын. Бір күнде кемінде бір рет такси қызметін қолданамын. Бұрындары ауданымызда арнаулы такси қызметі жоқ болатын. Ешбір жерге тіркелмеген такси жүргізушілеріне жүгінсең, аузына келген бағаны айтып, қалтаңды қағатын, кейде айтқан бағасына келісе алмай амалсыз қоғамдық көлікке отыратынбыз. Оның үстіне мұндай такси жүргізушілеріне сенім жоқ. Көпшілігі жол ережесін сақтамайды, көліктерінен бензин мен темекінің қолаңса иісі аңқиды, одан бөлек алдындағы көліктермен жарысып зәреңді алады. Қысқасы, әлгі көліктен тезірек түсіп кетуге асығасың. Ауданда «ALLO TAXI» қызметі пайда болғалы мұндай жайсыздықтың барлығын ұмыттық. Шақырған жеріңе 10 минутта жетіп келетін таксидің қызмет құны тиімді.
Аудан тұрғыны кәсіпкер Алтыбаев Дәулет Есмаханбетұлы ауданда арнаулы такси қызметінің жоқ екенін ескеріп, былтыр сәуір айында Ақсукент ауылынан «ALLO TAXI» қызмет түрін ашқан. Содан бері такси шақырушылардың саны толастаған емес. «Алло такси» қызметіне 150-ден астам көлік тіркелген. Таңғы сағат 7.00-ден түн-
гі сағат 3.00-ге дейін халыққа қызмет ететін такси жүргізушілеріне тұтынушылар дән риза. «Алло такси» қызметінің директоры Дәулет Есмаханбетұлының айтуынша бір күнде 800-ден аса шақыртулар түседі екен.
— Мереке күндері тіпті үлгере алмай жататынымыз жасырын емес, осындай кезде байланыс телефондарымыз босамай жатады, мұндай кезде Play маркеттен «ALLO TAXI» қызметінің қосымшасы арқылы таксиді шақыртуға болады. Такси қызметіне шақырту қоңырауы түскен кезде біз олардан қандай көлік түрі керек екенін міндетті түрде сұраймыз. Себебі, бізде көліктердің комфорт, эконом және 7 адамға арналған көлік түрлері қарастырылған. Еліміздің барлық қалаларына жеткіземіз. Қызмет құны 1 шақырымға 60 теңгеден есептеледі, — дейді ол. Такси қызметінде жеткізу қызметі де бар. Жұма күндері жұма намазға баратындарды тегін жеткізеді. Жеке кәсіпкер Дәулет Алтыбаев бұл кәсіпті ашарда мемлекеттен көмек алмаған. Алдағы уақытта мемлекеттен қандай да бір көмек түрі көрсетілсе өз кәсібінің аясын кеңейтпек ниетте.
С. Абылбекова.
Алдыңғы пост

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН АЗАМАТТАРҒА КӨМЕК

Келесі жаңалық

ҚАРЖЫГЕРЛЕРДІҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Апрель 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
« Мар    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі