infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

• «AMANAT»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ШЕКТІК БАҒАҒА САЙ ЕМЕС

July 28, 2022
in Әлеумет
0
• «AMANAT»: АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ШЕКТІК БАҒАҒА САЙ ЕМЕС
0
SHARES
22
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы базарлар мен ірі сауда орындарының сөрелерінде қант 635-750 теңге аралығында сатылуда. Өзге де азық-түлік тауарларының бағалары «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық және қалалық филиалдары жанынан құрылған арнайы жұмысшы топтың сараптама жүргізуі барысында анықталды.

Мониторингке жұмысшы топ мүшелері Б.Билалов, И.Намазбаева, Ғ.Сәрсенбаев, Ж.Сүлейменова, Н.Жүсіпбаев, Б.Құлжабаев, М.Аманжол, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділері қатысып, екі бірдей сауда орындарына сараптама жүргізді. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев мониторингтік топ жұмысының барысымен бөлісті.

– Жергілікті тұрғындар көп шоғырланатын сауда орындарын араладық. Ең қажетті әлеуметтік азық-түлік жеткілікті екені анықталды. Халық көп тұтынатын 20-ға жуық өнімнің бағаларын бекітілген талапқа сай немесе сай емес екенін нақтылап, кәсіпкерлерді тауар бағасын себепсіз өсірмеуге шақырудамыз, – деді Ғ.Амантайұлы.

Сондай-ақ салыстырмалы түрде анық болғандай, қаладағы ең ірі сауда орындарының бірі «Қуаныш» базарында картоп бағасы – 200 теңге, сәбіз және пияз – 250 теңгеден сатылса, ал «Халық» сауда орталығы картоп құнын – 195 теңге, сәбіз – 160 теңге, пияз – 250 теңгеге бағалап отыр. Ал сиыр етінің орташа бағасы 1853 теңгені құрауы тиіс. Дегенмен базарлардағы сатылым бағасы – 2500 теңге. Сары майдың шектік құны – 1315 теңге болса, сауда орындарында 1000 теңгеден басталады. “Халық” сауда орталығының директоры Нұржан Тәліпов баға тұрақтылығы өнімнің тапшылығына байланысты деген пікірін білдірді.

– Азық-түлік бағаларының құбылмалы болуы тауарларды бізге алып келетін жеткізушілерге байланысты. Мәселен, қазір қызанақ бағасы – 95 теңге болса, қияр – 230 теңгеден сатылуда. Яғни, сауда орындарында қай өнім тапшы болса, сол заттың бағасы осылай өзгеріп тұрады,-дейді.

Аймақтық және аумақтық филиалдары жанынан құрылған жұмысшы топтар алдағы уақытта да әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бағаларына талдау жұмыстарын тұрақты жүргізуді жоспарлауда. Сараптама нәтижелері жергілікті атқарушы органдарға жолданып, партия қадағалауында болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Алдыңғы пост

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫНА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ДЕЙІН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ОРТАЛЫҚ» ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

February 2023
M T W T F S S
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728  
« Jan    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі