infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Әлеумет

AMANAT: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА НАСИХАТТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК

April 20, 2022
in Әлеумет
0
AMANAT: ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛАРҒА НАСИХАТТЫ КҮШЕЙТУ КЕРЕК
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін өңірлік филиал жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті. Оған аймақтық партия филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, жергілікті Жастар ресурстық орталықтарының басшылары, облыстық студенттер альянсы мен жоғарғы оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында жастардың түрлі санаттары бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығы талқыланды. Аталмыш бағдарлама аясында тиісті өңірлердегі ЖОО-ның мамандарын шақыртып, облыстың шалғай ауылдарында мобильді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуге қатысты бірқатар ұсыныстар айтылды.

Жалпы «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап іске асып келеді. Дегенмен бағдарлама өз деңгейінде нәтиже көрсетпеуде. Осы мәселе жайлы көзқарасын білдірген Б.Тәжібаев ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жастардың да араласқаны жөн деп деп санайды.

– Ішкі-көші қон тақырыбын жиі қозғаймын.Себебі халықтың тұрмыс-жағдайын көтеруге, жастардың білім алуына жағдай жасалған «Еңбек» және «Серпін» мемлекеттік бағдарламаларын ұтымды пайдаланған жөн. Бірақ насихат жұмыстарының төмен болуының әсерінен оқу гранттары игерілмей, басқа өңірлердің жастары мүмкіндіктен айырылып отыр. Өйткені жыл сайын бөлінетін гранттардың саны 5000-ның үстінде. Мысалы 2020 жылы 5107 гранд бөлінсе, 979 студент оқуға қабылданған. Бұл тым төмен көрсеткіш. Бағдарламада тұрақты жұмыспен қамту жағы да қарастырылған. Осы ақпараттарды біздің облыстың тұрғындарына жеткізу жұмыстарына белсене арласып, ауыл-аймақтағы мектеп бітірушілерді, олардың ата-аналарын құлақтандырсақ бағдарлама оң нәтижесін көрсетеді. Ең бастысы жастар арасында жұмыссыздық проблемасы да азаяды, – деді ол.

Осы мәселені жалғаған Созақ аудандық Жастар орталығының директоры Ж.Төлепберген өңіріміздің шалғай ауылдарында мобильді ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар талқыға салынған тағы бір мәселе жастарды баспанамен қамту жайы. Түркістан қалалық мәслихат депутаты Н.Жүсіпбаев пен Түлкібас аудандық «Jas Otan» ЖҚ-ның төрағасы И.Жолбасханов жалдамалы тұрғын үй мәселесі тиісті атқарушы органдармен бірлесе шешілсе дейді. Себебі олардың айтуынша Түркістан облысы республика бойынша жастар көп шоғырланған аймақ болғандықтан оларды жұмыспен және баспанамен қамту, жалпы жағдай жасау маңызды.

Жиын барысында Қоғамдық кеңестің жаңа төрайымы Динара Егамбердиева студенттердің оқу жағдайын қадағалау мақсатында алдағы уақытта мониторингтік топ құрылып, оқу орындары мен жатақханаларға тексеру жұмыстары жүргізілетінін айтты. Сондай-ақ өңірде «Жасыл ел» жобасы аясында маусымдық жұмысқа бөлінген 1150 орынға NEET санатындағы және өзге де жұмыссыз жастарды шақыру көзделіп отырғанын хабарлады.

Келесі кеңес отырысы мамыр айына жоспарланды. Оған дейін жастар тарапынан түскен ұсыныстар мен сұрақтар топтастырылып, күн тәртібіне енгізілмек.

Алдыңғы пост

СОЛТҮСТІККЕ "СЕРПІНМЕН" СЕНІМДІ ҚАДАМ ЖАСА

Келесі жаңалық

 ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ДОП ДОДАСЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

May 2022
M T W T F S S
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031  
« Apr    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі