infonews
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Әдебиет
  • Таным
  • Спорт
  • Дін
  • Сұхбат
No Result
View All Result
info
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Shymkent Temir» өнімдері елімізден бөлек Өзбекстан мен Қытайға да экспортталуда

25 июня, 2021
in Қоғам
0
«Shymkent Temir» өнімдері елімізден бөлек Өзбекстан мен Қытайға да экспортталуда
0
SHARES
18
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мегаполисте отандық өнімдерді насихаттау жұмысы қарқынды жүргізілуде. Соның бірі -«Shymkent temir» зауыты. Аталған зауыт Оңтүстік индустриалды аймағында орналасқан. Аумағы — 21 га. Өндіріс ошағы 2017 жылы 15 ақпанда іске қосылған.

Небәрі 4 жыл өтсе де, зауыт алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналды. Өнімнің сапасы жоғары болғандықтан соңғы уақытта шет мемлекеттерден сұраныс көлемі артқан. Оның ішінде Өзбекстан мен Қытай елі бар. Және Қазақстанның барлық аумағын қамтып отыр.

Зауытта темір-терсек қабылдайтын арнайы орын бар. Ондағы темірлерді реттеп, керектілерін зауытқа жібереді. Содан кейін 1600 градус ыстықта арнайы пеште ерітіп, керек формадағы болаттарды шығарады. Әрі қарай металлургияның кез келген өнімдерін: арматура, металл құрылымдар жəне түрлі металл бөлшектер жасауға дайын. Зауыт аумағында тұйықталған теміржол бар, газ құбыры, электр желісі мен су құбыры тартылған. Осылайша өндіріс алаңында жобаның толық жүзеге асырылуына бар жағдай жасалған.

Айта кетейік, бүгінде өндіріс ошағында 350 адам жұмыспен қамтылған. Мұндай қызметкерлерге міндеттелген жұмыстың жүгі ауыр. Десе де, мұндағы мамандар өз ісінің шебері болғандықтан жұмысын белсене істейді. Оның үстіне жалақысы да жоғары. Бұл ретте «Shymkent Temir» ЖШС-де қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында зауыт басшысы шетелден тəжірибелі мамандарды тұрақты түрде шақырып тұрады. Олардан түрлі дәріс алып, соңғы үлгідегі озық технологиялармен танысуға мүмкіндік алады.

Алдыңғы пост

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 5 жоба мақұлданды

Келесі жаңалық

«Алтын-Дән» ЖШС мемлекеттік бағдарлама арқылы айналым қаражатын жақсартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сентябрь 2023
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930  
« Авг    
Infonews ақпарат агенттігіне 2021 жылғы 19 наурызда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №KZ66VPY00033664 куәлігі берілген.
Телефон: 87774707575
Почта: infonews.kz@mail.ru Пайдаланушылық келісім
Бізбен хабарласыңы
Біз туралы

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде infonews.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді

No Result
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Әлеумет
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Таным
  • Спорт
  • Сұхбат

13kz.kz ақпарат агенттігі