АУЫСПАЛЫ КУБОК ҮШІН СЫНҒА ТҮСТІ

0
61
◽️Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдың округінің жастар ісі жөніндегі әдіскері Кенжеева Маликаның ұйымдастыруымен жастар арасында кіші футбол ойынының жеңімпаздары марапатталды.
▫️Ойынның мақсаты елді мекендегі жастардың достық қарым-қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және шағын футбол ойынын кеңінен насихаттау болып табылады.
▫️Ойын қызықты және тартысты түрде өтті. Жасыл алаңда ойын көрсеткен қатысушылардың спортқа деген қызығушылығы артты. Жарыстың үздік ойыншылары сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді. Команда капитандары өз ойыншыларын алға сүйреп, шыдамдылық пен төзімділікке баулып, ойын шиеленіскен уақытта жігерлендіре білді.
▫️Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы орынбасары М.Абдуллаева, Қарабау ауыл округінің әкімі Ж.Алимкулов жеңімпаздары құттықтап, марапаттады.
▫️Жарыс нәтижесі төмендегідей:
🥇І орын – Қ.Абдалиев а/о
🥈ІІ орын – Шарбұлақ а/о
🥉 ІІІ орын – Жаңабазар а/о
▫️Бүгінгі турнирде жақсы ойын көрсеткен және барлық қатысқан командаларға Алғыс хат пен ынталандыру және қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта түрлі жарыстарға қатысушыларымызға биік тұғырдан көрінуіне сәттілік тілейміз.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған