Балдың емдік қасиеті қандай?

0
60

Ара балын  адамдар тек тағам ретінде тұтынбайды. Оның емдік қасиеті ерте кезден белгілі. Infonews.kz сайты балдың көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы  ақпарат ұсынады.

 Денені ыстық суға немесе отқа күйдіріп алған кезде, жараны тұзды сумен жуып, бетіне бал жағуға болады;

 Улы жәндік шағып алса, құтырған ит қапқанда, апиыннан уланғанда, зираны қайнатып, оған бал қосып ішсе, уытты қайтарып, ауырғанды басады;

 Ұйықтар кезде бір стақан суға бір шай қасық балды араластырып ішсе, жүйкеге жақсы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі;

— Тұмауратып суық тигенде балды сүтке немесе лимон шырынына қосып ішсе, тезірек сауығуы әбден мүмкін;

— Балдан бет күтімі үшін арнайы маскалар жасауға болады. Бұл маскалар безеуді кетіріп, әжімнің алдын алады;

— Бал құрамындағы кальций миға жақсы сіңеді. Сол арқылы есте сақтау қабілеті жоғарылап, ұмытшақтық мөлшері азаяды.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған