Бетперде киген 4 адам мейрамханада отырған бірнеше адамды атып кеткен

0
68

Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы «Сансет» мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

«Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр», — деп жазды ІІМ-нен.

Ондағы ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған