«БІРЛІКТЕ» АЙТЫЛҒАН 77 ӨТІНІШТІҢ 58-І ОРЫНДАЛДЫ

0
43
Нұрбол Әбдісаттарұлы «Бірлік» тұрғындарымен бүгін кезекті кездесуін өткізіп, атқарылған жұмыстарды баяндады. Түркістандағы «Бірлік» тұрғын үй алабында қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің наурыз және маусым айларында тұрғындармен өткізген кездесуі барысында 77 мәселе көтерілді.
 Қазіргі таңда оның 58-і орындалса, 14-і бойынша жұмыстар басталды, қалған 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.
Сектор аумағында 16 шақырымды құрайтын 26 көшеге тас төселді.
3,3 шақырымды құрайтын 3 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді. 35 шақырымды құрайтын 33 көшені жарықтандыру жоспарлануда.
 12 шақырымды құрайтын 9 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.
 Керейхан көшесі, Бірлік стадионы аумағына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүруде, жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.
 Бірлік секторын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету үшін биылғы жылы жаңа 5 трансформатор орнатылды. Енді электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде.
 Жалпы жобаға сәйкес, 85 шақырым кәріз желісінің құрылысы басталды.
 Кездесу барысында тұрғындар өтініш-тілектері мен ұсыныстарын жеткізді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған