Бүгін Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

0
58

Бүгін Қазақстанның бірқатар қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Ал үш қалада ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы Infonews.kz сайты хабарлайды. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Алматы, Ақтөбе қалаларында, түнде Атырау қаласында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай уақытында елдімекендерде атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Leave a reply