«Вальс билеп алып кетті» — Полицейдің әрекеті көпшілікті күлдірді (видео)

0
62

Тәртіп сақшысының әрекеті желі қолданушыларының күлкісін тудырды. Бұл туралы Infonews сайты Massaget-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкері сахнаға жақын маңда билеп жүрген азаматты күштеп алып кетпей, онымен бірге би билеп көрермендердің арасына әкелді.

Видео қазірдің өзінде 1,3 миллион қаралым жинаған. Желі қолданушылардың көпшілігі полицейлерден мұндай реакция күтпегендерін жазған.

«Жақсы полицейлер бар екен!», «Керемет! Бәрімен осылай достық қарым-қатынас ұстаған ұнайды», «Үлкенге  құрмет деген осы. Жарайсың», «Егер полицейлердің бәрі осындай болса, бұл мамандыққа деген көзқарасым өзгеретін еді», «Офицер вальсіне дайындалып жүрген шығар», «Атам түсінбей қалды» — деп жазды олар.

Leave a reply