ДАЛА ТӨСІ ДҮБІРГЕ ТОЛЫ

0
46
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауда ел экономикасын арттыруға да ерекше басымдық беріп, саладағы негізгі мәселелерді атады. Әрі бизнесті қолдау, транзиттік әлеуетті арттырып, ауыл
шаруашылығы саласын дамытуға тапсырма берді. «Ауыл ша-руашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет»,- деген еді.
Ауданда масақты дәнді дақыл-дардарды ору науқаны басталды. Аудан аумағында жалпы масақты дәнді дақылдар 17800 гектар жерге егілген.
Биылғы шілде айының басынан өнім жиналып жатыр. Гектарына орта есеппен 15-17 центнерден өнім беріп отыр.
Бүгінде масақты дәнді дақылдар 26900 тонна, яғни егіс алқабынан 25,8 пайыз көлемінде өнім жиналған. Олардың ішінде масақты дақылдардан 7500 тонна мал азығы, сонымен қатар 2650 гектардан бидай және 1950 гектар жерден арпа орылған. Егістік алқаптарында 15100 гектарға бидай, 2700 гектарға арпа егілген. Бидайдың орташа түсімі гектарынан 15,2 центнер, ал арпаның орташа түсімі гектарынан 16-17 центнерге жуық өнім береді.
Масақты дәнді дақылдарды шілде айының соңына дейін толық жинау жоспарланған.
Жоспарды толық орындауға аудан бойынша 162 комбайн жұ-мылдырылған. Масақты дәнді дақылдар ішінде бидай дақылын 60 ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі егумен айналысады.
Өткен жылдың күз айларында масақты дақылдарды егу кезінде ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жергілікті шаруалар тарапынан егін егу жұмыстары кешеуілдетсе де, жос-парлаған егістік толық егілді. Өнімділігі артып, былтырғы жылмен салыстырғанда ауданымыздың таулы аймақтарында, атап айтқанда Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Машат ауылында, Манкент ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында, Қарамұрт ауылдық округінде 2-3 центнерден артық өнім алынып жатыр. Бұл ауыспалы егіс жүйесін қолданумен, мемлекет тарапынан қарастырылған тыңайтқыштар мен дизель отынын уақтылы берілуіне байланысты болып тұр.
Ауданда көбіне жерсіндірілген бидайдың «Память-47», ал арпаның «Бәйшешек» сұрыптары егіледі.
Облыс деңгейінде топырақтың құнарлылығын сақтау мен шығынды азайта отырып, өнім көлемі мен сапасын арттыру мақсатында семинарлар өткізіліп жатыр. Осыған орай, биыл Қазығұрт ауданында Аграрлық ғылыми зерттеу институттарының қатысуымен нөлдік технологияның тиімділігі бойынша семинар өткізіліп, оған ауданнан бірнеше шаруа қатысып, өнімділікті арттыру бағытында тәжірибе алмасты.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған