ЕЛ ЕРТЕҢІ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

0
41

Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті. Қалалық мәслихат хатшысы Мақсат Таңғатаровтың жүргізуімен өткен кезектен тыс кездесуге 13 депутат қатысты. Сонымен қатар сессияға қала әкімінің орынбасары Ерлан Күзембаев,  қала әкімі аппаратының басшысы Әділ Әуелбеков қатысты. Сессия жұмысына қатысқан депутаттар назарына ең алдымен күн тәртібін бекіту мәселелері ұсынылды.

Түркістан қалалық аумақтық және учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі мәселелерді бекіту жөнінде қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А. Кеншінбаев баяндама жасады. Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, біршама ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, қала әкімінің аппарат басшысы Әділ Әуелбеков бүгінгі жиынның өзекті тақырыптарына тоқталып өтті. Күн тәртібін бекіту мәселелері депутаттар тарапынан бір ауыздан қолдау тапты. Осыған байланысты аталған мәселелер Түркістан қалалық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары IV-тоқсанда қосылатын болды.

Азамат ӘЛІБЕК.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған