ЖАСТАР – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

0
40

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауы – әрбір қазақстандықтың өміріндегі басты оқиғалардың бірі, әсіресе жаңа Қазақстанды құру мақсатында жасалып жатқан маңызды қадамдар халық үшін басты бағдарда. Президентіміздің биылғы Жолдауыда білім күнімен тұспа-тұс келді. Жаңа оқу жылының бірінші күні Қасым-Жомарт Кемелұлы ел дамуының негізгі мақсаттары туралы айтты. Ел болашағы жастар. Сондықтан жастарды қолдау керек екендігін алға тартты.

Мәселен, студенттерді жатақханалармен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлер есебінен жатақханалар салынады. Жоғарғы білім алам деген жастарға жеңілдетілген несие беріледі, мемлекеттік грант саны артады, сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық қордан әр баланың шотына қаражат аударылатынын мәлімдеді. Бұл қаражат бала 18-ге келгенше қозғалмайды, кәмелетке толған бозбала мен бойжеткен жиналған қаржыны оқуға немесе баспанаға жұмсауға құқылы. Сондай-ақ келесі жылы жүз мың жас маман жұмыспен қамтылатын болады.

Президент көтерген тағы бір маңызды мәселе – денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы. Білім саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар, академиялық еркіндік қағидаттарын енгізу, ғылыми саланың дамуын қолдау бізге еңбек нарығының қажеттіліктеріне дайын болуға мүмкіндік береді. Президенттің Жолдауы қосымша серпін беріп, еліміздің кадрлық әлеуетін одан әрі дамытудың жаңа мақсаттарын айқындайтын болады.

Лиза ШАМЕТ, Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры.

Leave a reply