ЖОЛАУШЫЛАРҒА ЫҢҒАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ БАСТЫ МІНДЕТ

0
44

Қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78сыйымдылығы жоғары автобустар (жақсы жағдайда) болса, қалған 142-сі шағын автобустар (қанағаттанарлық жағдайда).

2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес      78 жаңа автобус алынды, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің                34%жаңаланды. Оның 40 – «ТехПрофАвто» ЖШС, 38- «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды (Сонымен қатар,жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда).

2021 жылы түркістан қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы әзірленіп,Түркістан қаласындағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында«диспетчерлік орталық» қызмет көрсетуде

2023 жылы сараланған (дифференцированный) тарифті енгізу жоспарлануда. Электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік береді.

Қоғамдық көліктерге Алем Рау электронды билеттендіру жүйесі енгізілді.

Leave a reply