ЖЫЛУҒА БЕРЕШЕГІҢІЗ БОЛСА, ҚАЙТАРУҒА АСЫҒЫҢЫЗ

0
66

Түркістан қаласының жылу жүйесі «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы жүргізіледі. Кәсіпорын шаһардағы 222 көпқабатты тұрғын үйді жылумен қамтуда. Олар: «Сауран» мөлтек ауданындағы 75, «Отырар» мөлтек ауданында 49, әкімшілік іскерлік орталығында 98 көпқабатты тұрғын үйді құрайды.

Жылу берудің 2023-2024 жылдар маусымына дайындығы қала әкімінің күнделікті бақылауында. Биылғы жылы облыс орталығында 1-қарашадан жылу беру басталады деп жоспарланған.

Ол үшін аталмыш мекемеге қарасты 17 дана қазандық іске қосылған. Бұл модульді қазандық блоктары табиғи газ арқылы жұмыс жасайды. Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Оның ішінде «Сауран», «Отырар» мөлтек аудандары және мәдени рухани орталығында орналасқан жеке тұлғалар үшін 1 м² -92.46 теңге, 1 Гкал -2640.46 теңгені құраса, ал заңды тұлға үшін 1 Гкал – 5999.28 теңге болып бекітілген.

Сондай-ақ, әкімшілік іскерлік орталығында жеке тұлға үшін 1 м² -140.85 теңгеден 166.42 теңгеге дейін әр модульді қазандық блоктарына бөлек жасалған, есептегіш құралы бойынша 1 Гкал – 4535.85 теңгеден 5556.59 теңгеге дейін, ал заңды тұлға үшін 1 Гкал – 12637.85 теңге болып белгіленген. Ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 1 м³ ыстық суға – 355.92 теңге жұмсалады.

Стастистикаға сүйенсек, мекемеге заңды тұлғалар 1.6 млн теңге, жеке тұлғалар 25.611 млн теңге берешегі бар екені анықталған.

Қазіргі таңда аталған берешегі бар жеке тұлғалардан мәжбүрлеп өндіру мақсатында сот тәртібімен құжаттар рәсімделіп, шешімдеріне сәйкес өндіру үшін сот орындаушыларына жолдануда.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған