«Интернеттің сапасы нашар болса оған адамдарды кінәлап қажеті жоқ» — Вице-министр

0
45

Қазақстанда интернет-трафик тұрақты түрде артып келеді. Бірақ қазақстандықтарды қосылым сапасының төмендігі үшін ешкім айыптамайды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.  

Beeline Қазақстан бас директоры Евгений Настрадиннің айтуынша бүгінде республикадағы интернет-трафиктің орташа деңгейі 17 гигабайт болса, әлем бойынша бұл көрсеткіш 12 гигабайтты құрайды. 2023 жылға қарай бұл көрсеткіш 50 гигабайтқа жетеді.

«Біз жаңа станцияларды саламыз. Үнемі «ақ дақтар» пайда болады және сол «ақ дақтардың» аумағында адамдар өте көп болатынына сенімдімін», — деді Настрадин.

Интернет сапасының төмен болуына операторлар тұтынушылардың өздері кінәлі ме деген сауалға Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек мәселе технологиялардың дамуында деп жауап берді.

«Интернеттің сапасы нашар болса оған адамдарды кінәлап қажеті жоқ деп ойлаймын. Мәселе технологиялардың дамып келе жатқанына байланысты. Технологиялар дамыған сайын адамдардың талғамы да, оны пайдалану қажеттілігі де пайда болады», — деді вице-министр.

Leave a reply