КЕЛЕС АУДАНЫНДА БИЫЛ ТЕРІ ИЛЕЙТІН ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

0
89
Келес ауданында 2023 жылы жалпы құны 31,4 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба іске асырылған. Нәтижесінде 1 063 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл жайында Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев брифингте мәлімдеді.
— Ауданда индустриалды аймақты құру мақсатында Ақтөбе ауылдық округі аумағынан 300 гектар жер телімі бөлініп, қажетті инфрақұрылым жүйелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған аймаққа «Giga Group» ЖШС-і жалпы құны 450 млн.теңгені құрайтын асфальтбетон зауытын салуды жоспарлауда. Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасының «PENG SHENG» компаниясы қызығушылық танытып, 50 гектар жерге жалпы құны 50 млрд.теңгені құрайтын 4 зауыт құрылысын жүргізбек. Олардың қатарында тері илейтін зауыт, желатин өндіретін зауыт, тамшылатып суарудың құрылғыларын өндіретін зауыт және мақта зауыты бар,- деді Жәнібек Есенұлы.
Сонымен қатар, аудан әкімі Келестегі жалпы өңірлік өнім көлемі 118 млрд. теңгеге жеткенін айтты. Оның ішінде ауылшаруашылығының үлесі 65,5%-ды құраған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнесте 2023 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 12 880 бірлік болып, 17 525 адам жұмыспен қамтылған.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған