Ким Чен Ын әскерін соғысқа дайындап жатыр

0
56

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын жаңа жаттығулар мен қару-жарақ өндірісін арттыруда, деп хабарлайды Infonews.kz сайты Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап .

Сонымен қатар Ким Чен Ын белгісіз себептермен жоғары әскери генерал, Бас штаб бастығы Пак Су-илді қызметінен босатып, оның орнына Қорғаныс министрі қызметін атқарған, генерал Ри Ён Гилді тағайындады. Солтүстік Корея көшбасшысы «армияны шабуылдау жағдайында соғысқа дайындауға» шақырды.

Кореяның орталық ақпарат агенттігінің мәліметінше, кездесуде «соғысқа толық дайындық мәселесі» талқыланған. Бұл Ким Чен Ынның бірнеше қару-жарақ зауыттарын аралағаннан кейін жасаған жиыны. Агенттіктің хабарлауынша, ол «әскери өнеркәсіптің барлық кәсіпорындарын қару-жарақ пен техниканың әр түрін жаппай өндіруін жеделдетуге» шақырды.

Ким өз алдына қару-жарақ өндірісін ұлғайту міндетін қойды, сондай-ақ әскерилерді соңғы үлгідегі қаруларды қолдана отырып оқу-жаттығулар өткізуге шақырды. 9 қыркүйекте Солтүстік Кореяда республиканың құрылғанына 75 жыл толуына арналған әскери шеру өтеді.

Leave a reply

Ақпарат қорғалған